15.08.2023, 18:22 18771

Талдықорғандағы авиабазада әскери қызметші қаза тапты

Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр
Талдықорғандағы авиабазада әскери қызметші қаза тапты
Сурет: Gov.kz
Талдықорғандағы авиабазада әскери қызметші қаза тапты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

2023 жылғы 15 тамызда Талдықорған авиациялық базасында жауынгерлік ұшақты ұшуға дайындау кезінде оқ-дәрілердің өздігінен қозғалып кетуі орын алды. Соның салдарынан 2 әскери қызметші зардап шекті. Олардың біреуі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Екінші әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде", деп мәлім етті баспасөз қызметінен.  


Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.

Қарулы күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны