28.02.2022, 17:17 22971

Украина делегациясының мүшелері Ресеймен келіссөздер орнына келді

Украина делегациясының мүшелері Ресеймен келіссөздер орнына келді
Сурет: telegram/РИА Новости
ГОМЕЛЬ. 28 АҚПАН - Беларусьтің Гомель облысындағы Ресеймен келіссөз өтетін жерге Украина делегациясы тікұшақпен келді.

Онда тек екі тікұшақ келгені хабарланды. Онда Киев өкілдері болуы керек.

Украина президенті кеңсесінің мәліметінше, делегация құрамында: қорғаныс министрі Алексей Резников, "Слуга Народа" фракциясының жетекшісі Давид Арахамия, сыртқы істер министрінің орынбасары Николай Точицкий, Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михайло Подоляк, Жоғарғы Раданың депутаты Рүстем Умеров пен Үшжақты байланыс тобындағы Украина делегациясы басшысының бірінші орынбасары Андрей Костин бар. 

Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны