20.06.2022, 16:18 5936

Қылмыскерлердің қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған 2 мыңнан астам қаруы бар

Қылмыскерлердің қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған 2 мыңнан астам қаруы бар
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 20 МАУСЫМ - Қылмыскерлердің қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған 2 мыңнан астам қаруы бар, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Бүгінгі таңда қылмыскерлердің қолында ауқымды арсенал - ұрланған қарудың 2 мыңнан астам бірлігі, оның ішінде 30 граната атқыш, 2 оқ атқыш, 122 автомат пен 379 тапанша қалуда, бұл дегеніміз – үлкен қауіп, өйткені қылмыскерлер кез келген уақытта оны бейбіт азаматтарға қарсы пайдалана алады. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және министрліктің ерекше бақылауында", - деп Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді.

 
Ол ұрланған мүлікті, сондай-ақ заңсыз сақтаудағы және тіркелмеген қаруды анықтау және алып қою бойынша қарқынды жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті.
 
Жүйелі жұмыстың нәтижесінде полиция қызметкерлері Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарында қару мен арнайы құралдар сақталатын жасырын орындары анықталуда.
 

Биыл 1 маусымда Тараз қаласында полиция қызметкерлері шағын аудандардың біреуінде гараждардың арасында толық оқжатары бар Макаров тапаншасы, револьвер, аңшылық мылтық және жарық-дыбыс гранатасы болған заңсыз сақтау орнын тапқан. Осы жылдың 7 маусымында Тараз қаласында полиция қызметкерлері құрылыс объектісінде 2 аңшылық мылтық, шолақ аңшылық мылтық және жарақаттайтын тапанша салынған полиэтилен пакетін тапқан", - деді полковник.

 
Сол күні аталған қалада бағбандық қоғамның аумағында құрылыс плиталарының астынан "Макаров" тапаншасы, жарақаттайтын тапанша, аңшылық мылтық пен жас ағызғыш тітіркендіру әрекеті бар граната, түтікшелері бар "Ф-1" гранатасы мен калибрі 5,45 мм 30 оқ тауып алды. 
 
Қазіргі уақытта қабылданған шаралардың нәтижесінде қарудың 1626 бірлігі табылып алынды, бұл 10 граната атқыш, 6 оқ атқыш, 160 автомат, кесілген қарудың 113 бірлігі, 361 тапанша мен 253 граната, 41,1 мыңнан астам оқ-дәрі.
 
Санжар Әділовтың ақпараты бойынша, мысалы: ағымдағы жылғы мамырда Талдықорған қаласында "Қайнар АКБ" ЖШС-дан қорғасын құймаларын ұрлауда күдіктінің біреуі тұратын үйді тінту барысында оқ-дәрісі бар "Макаров" тапаншасы табылып алынды.Сондай-ақ күдікті Талдықорған қаласындағы Қаратал өзенінде "Макаров" тапаншасын, 4 толық оқжатары бар Калашников автоматы мен 1 сүңгі пышағын тығып қойған жерді көрсетті. 
 
Екінші күдіктінің үйінде 5 "Макаров" тапаншасы мен оқ салынған 10 оқжатар, "Калашников" автоматы және оған 2 сүңгі пышақ табылды. 
 
Осы жылы 19 маусымда Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынды ұстады, оның бақшасында "Макаров" тапаншасы, "МР-654К" тапаншасы, "РГД-5" гранатасы, калибрі 9 мм 16 оқ, калибрі 7,62 мм 5 оқ табылып алынды. 
 
Сонымен бірге азаматтармен түсіндіру жұмысының нәтижесінде қарудың 212 бірлігі ерікті түрде берілді. 
 

Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде қаңтардағы оқиғалар бойынша қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда. Бүгінгі таңда ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 56 күдіктіге қатысты 553 қылмыстық іс бар. Жеке басын сипаттайтын деректерді және жасалған қылмысқа қатыстылығын ескере отырып, ішкі істер органдары бойынша 255 күдікті қамақтан босатылды, оларға қатысты қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдалды", - деді Санжар Әділов.

 
Одан басқа, соттың үкімі бойынша, 332 сотталушы қамақтан босатылды. 
 
Бүгінгі таңда өндірістегі қылмыстық істер бойынша 14 адам қамауда қалуда, оның ішінде Алматы қаласы бойынша – 8, Алматы облысы – 3 және Жамбыл облысы – 3, олардың барлығы ауыр қылмыстарды жасауда күдікті.
 
Ішкі істер органдарының тергеушілері 565 айыпталушыға қатысты 344 қылмыстық істі айыптау актісімен сотқа жолдады. 
 
Осындай істердің негізгі бөлігін бөтеннің мүлкін ұрлау жөніндегі істер құрайды – 257, қаруды заңсыз сақтау – 37, қаруды ұрлау – 18, айдап кету – 5 және т.б. 
 
Соттар 382 адамды соттады, оның ішінде 46 адам бас бостандығынан айыруға сотталды, осы адамдар бұрын сотталған және кінәсін мойындамаған, келтірілген залалды өтемеген. 
 
Қолданыстағы қылмыстық заңнамаға сәйкес кінә мойындалған және тергеуде іс-қимыл жасалған жағдайда сот жасалған қылмыс үшін санкцияда көзделген жазаның жартысынан аспайтын жазаны тағайындайды. 
 
Сонымен бірге, оның айтуынша, адамдардың басым бөлігі бас бостандығын шектеуге сотталды – 330, олар шынайы өкініп, залалды өтеді. 
 
Сот ауырлығы орташа және онша ауыр емес қылмыстық істер бойынша 12 адамға қатысты істерді тараптардың татуласуына байланысты тоқтатты.
 

Сотқа жіберілген істер бойынша жәбірленушілерге полиция қызметкерлерінің ұрланған мүлікті тауып алуы және алып қоюы, сондай - ақ айыпталушылардың сотқа дейінгі тергеу және сот тергеуі сатысында залалды өтеуі есебінен 100 млн теңгеден астам сомаға залал өтелгенін атап өткім келеді", - деп толықтырды ІІМ Тергеу департаментінің бастығы.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны