03.08.2023, 16:41 20771

Жамбыл облысында табиғи өрт сөндірілуде

Жамбыл облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады
2023 жылғы 2 тамызда сағат 14.30-да Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 км жерде "Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ (Аспара-Меркі орман шаруашылығы, 3-4 орамдары) аумағында таулы аумақта алдын ала болжаммен 200 га алаңда қураған шөп жанып жатыр, деп хабарлайды Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Қазавиаорманкүзетінің су жинау құрылғысы бар (1,5 тонна) Ан-2 ұшағымен аэровизуалды барлау және сөндіру жұмыстары жүргізілді. Өрт ошақтарына әуеден 11 рет су төгілді (шамамен 16,5 тонна). ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ ЕО-145 тікұшағымен аэровизуалды барлау жүргізілуде.

Өртті сөндіруге Қазорманавиакүзетінің, жергілікті атқарушы органдардың және Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдарынан 161 адам, 24 бірлік техника, 2 ұшақ және 1 тікұшағы жұмылдырылды.

Жамбыл облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны