28.03.2025, 11:50 92671

Жамбыл облысында жер сілкінісінен кейін Мәдениет үйі, аурухана және мектеп ғимараттарында жарықтар пайда болды

Жамбыл облысында жер сілкінісінен кейін Мәдениет үйі, аурухана және мектеп ғимараттарында жарықтар пайда болды
Алдын ала мәлімет бойынша Т.Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылындағы мәдениет үйі, Меркі аудандық ауруханасы, Ойтал ауылындағы мектеп ғимаратының қабырғасында жарықтың пайда болғаны анықталды. Басқа нысандар туралы ақпарат нақтылануда, деп мәлім етті аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетсек, 2025 жылдың 28 наурызында түнде Жамбыл облысының бірқатар аудандары мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелген болатын.

Жер дүмпуінің жоғары қарқыны - 5 балл - Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді. Т. Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 баллды, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында - 2 баллды құрады.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыстық жедел штаб жұмыс істеуде.

Барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері қалыпты жұмыс істеуде. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев жағдаймен танысу үшін Т.Рысқұлов және Меркі аудандарына барды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны