04.08.2023, 19:57 27866

Жамбылдағы жарылыстан күйіп қалғандардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр

Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болған
Жамбылдағы жарылыстан күйіп қалғандардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр
 Жаңа Жамбыл фосфор зауытында болған жарылыста химиялық күйік шалған екі жұмысшының біреуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің айтуынша, зауытта итеруші болып жұмыс істейтін Данияр Ормановтың денесінің 22 пайызын күйік шалып, жансақтау бөлімінде жатыр.

Ал цехтың шикізат дайындау жөніндегі жетекші инженері Шахадияр Қалдыбай 15 пайыз күйікпен жалпы бөлімге жатқызылған.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен арнайы комиссия құрылды. Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болған.

«Жамбыл фосфор зауытындағы жарылыс фактісі бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бастапқы тергеу амалдары еңбек инспекциясымен бірлесіп жүргізіліп жатыр. Екі жәбірленуші де ауруханаға жатқызылды. Тергеу барысы бақылауда», – деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны