13.08.2023, 10:57 20651

Жетісу облысында ауылды су басты: эвакуациялау пунктінде 16 адам қалды

Жалпы 3 456 текше метр су сорылды
Жетісу облысында ауылды су басты: эвакуациялау пунктінде 16 адам қалды
Сурет: ТЖМ
Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, су басқан үйлер жоқ, деп хабарлайды Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметінен.  

Жұмылдырылған күштер мен құралдар жүргізген инженерлік және су сору жұмыстарының нәтижесінде Жетісу облысының елді мекендерінің аулалар мен аулалар маңы аумақтарынан су кетті. Жалпы  3 456 текше метр су сорылды.

Құтқарушылар тұрғындарға аула аумақтарын қоқыс пен балшықтан  тазартуға көмек көрсетуде.

Эвакуациялау пунктінде 16 адам, оның ішінде 7 бала қалды.

Қазгидрометтің болжамына сәйкес 13 тамызда түнде Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі.Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні15-20, кей уақытта 25-28 м/с.

 



 

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны