05.04.2024, 14:03 40566

ЖКО-да 8 өзбекстандықтың өліміне жолдың нашар болуы себеп болған - прокуратура

ЖКО-да 8 өзбекстандықтың өліміне жолдың нашар болуы себеп болған, деп хабарлайды Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Прокуратура органдары қызметінің басты бағыттарының бірі - жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңдылықты қадағалау болып табылады.

2023 жылы облыста жол-көлік оқиғалары 17,2 пайызға өсті.

648 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 748 адам зардап шегіп, 118 адам қайтыс болды, оның ішінде 15 кәмелетке толмағандар.

Айта кететін жағдай, барлық қаза болғандар "Самара-Шымкент" республикалық тас жолында орын алған жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері облыс прокуратурасының Үйлестіру кеңесінде барлық мүдделі тұлғалардың қатысуымен бірнеше мәрте қаралып, аумақтағы жолдардағы жағдайды түзету бойынша ұйымдастыру шаралары әзірленді.

Ақтөбе облысы прокуратурасымен жолдарды күтіп ұстауға жауапты ұйымдардың өз міндеттерін орындамайтынын анықталды.

ҚазАвтоЖол" ЖШС-не "Самара-Шымкент" тас жолындағы шұңқырларға жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде бірнеше рет нұсқаулар берілді.


ҚазАвтоЖол" ЖШС-нің жауабына сәйкес, жол жабынындағы ақаулардың шұңқырларға жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы жойылғанын көрсетті.


Алайда, шығу арқылы жүргізілген қарап-тексеру нәтижесі кемшіліктердің іс жүзінде жойылмағандығы анықталды.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында облыс прокуратурасымен Қазақстан Республикасы Көлік министрлігіне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді, оған сәйкес:

жергiлiктi атқарушы және уәкiлеттi органдармен бiрлесiп, жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нақты шараларды көрсете отырып, прокурорлық қадағалау актiсiнде көзделген кемшiлiктердi жою бойынша жоспар әзiрлеп, шаралар қабылдау;

Самара-Шымкент", "Ақтөбе-Астрахань" автомобиль жолдарына (Қобда, Хромтау, Әйтеке би, Алға, Мұғалжар және Ырғыз аудандары арқылы өтетін) кешенді қарау жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде зерттеуге комиссиясына жіберу;


қарау жүргізу нәтижелері бойынша көрсетілген аумақтарда жол-көлік оқиғаларының себептерін анықтап, оларды жою шараларын қабылдау.

Алайда, министрлік тек екі шенеунікті тәртіптік жауапкершілікке тартумен шектелген, ал Ақтөбе облысындағы халықаралық маңызды тас жолдарда адам өліміне әкелген жол-көлік апаттары әлі де жалғасып жатыр.

Ағымдағы жылы облыста тағы да жол-көлік оқиғаларының өскені байқалады, барлығы 97 жол-көлік оқиғасы орын алып, онда 148 адам зардап шегіп, 28 адам қайтыс болды, оның ішінде 6 кәмелетке толмағандар.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі - облыс жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы.

Батыс өңірді Оңтүстікпен байланыстыратын жолдың жағдайы қанағаттанарлықсыз екені баршаға аян.

Алайда, Көлік министрлігімен жолдардың жағдайына тиісті көңіл бөлінбей отыр.

Содан кейін, "Самара, Орынбор - Шымкент", "Атырау - Астрахань" және "Астана-Орал" республикалық тас жолындағы көліктердің барлығы Ақтөбе облысы арқылы өтеді.

Мысалы, "Ақтөбе-Астрахань" тас жолының 120 шақырымында м/н 763AEE04 "Lada Largus" пен м/н 760AHP04 "Toyota Hilux" автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан.

Оқиға салдарынан "Lada Largus" көлігінің 8 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 3 сәуірі күні "Самара-Шымкент" жолының Маржанбұлақ ауылының тұсында, Өзбекстан Республикасының азаматы тізгіндеген "Volvo" жүк көлігі мен "Toyota-Alhpard" шағынавтобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.

Оқиға салдарынан шағын автобус жүргізушісі мен оның 7 жолаушысы барлықтары Өзбекстан азаматтары оқиға орнында көз жұмды.

Басқа мысал, 2023 жылы "Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық" тас жолында "Chevrolet" көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, аударылып кетіп, салдарынан 2022 жылы туылған кәмелетке толмаған оқиға орнында қайтыс болды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, жол-көлік оқиғасының себебі - жол жабынының жол қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмеуінен болған.

Жалпы, жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында, осы орайда көлік иелеріне, жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұраймыз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны