11.08.2022, 17:39 21331

Жыл басынан бері 170-тен астам оқ-дәріні ҚР шекарасынан заңсыз өткізуге әрекет жасалды

Жыл басынан бері 170-тен астам оқ-дәріні ҚР шекарасынан заңсыз өткізуге әрекет жасалды
НҰР-СҰЛТАН. 11 ТАМЫЗ - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі 2022 жылдың басынан бері 170 бірліктен астам оқ-дәріні шекарадан заңсыз өткізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
 
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, шекарадан заңсыз өткізілмек болған қарулардың ішінде 8 мыңнан аса суық қару мен электрлік естен тандыру құралдары бар және оқсыз атылатын қару әкетудің 2 фактісінің жолы кесілді.
 
Тек соңғы аптада шекаралық бақылау жүргізу кезіндегі тексеру іс-шаралар нәтижесінде 60 аңшылық және 6 зақымдайтын оқ, қолдан жасалған 2 пышақ анықталды.
 
Барлық жағдайларда ұсталған адамдар мен көліктер процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құзыреті бойынша ішкі істер органдарына тапсырылды.
 

ҰҚК Шекара қызметі азаматтарға Мемлекеттік шекара арқылы тыйым салынған заттарды тиісті рұқсат құжаттарсыз алып жүру кезіндегі жауапкершілік туралы ескертеді", - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны