17.02.2026, 16:02 37781

Амман қаласында Қазақстан мен Иордания арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Амман қаласында Қазақстан мен Иордания арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Талғат Шалданбай Иордания СІМ Бас хатшысы Дайфалла Әли Әл-Файезбен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Тараптар Қазақстан мен Иордания арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, екіжақты байланыстардың оң динамикасын атап өтті. Сонымен қатар, сұхбаттасушылар саяси диалогты нығайтуға, практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ұстанымдарды әрі қарай үйлестіруге мүдделілігін растады.

Қазақстан Елшісі иордан тарапына еліміздегі соңғы ішкі саяси өзгерістер туралы ақпарат берді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ұлттық құрылтай отырысының қорытындысы бойынша конституциялық реформаға қатысты бастама көтерілгендігін атап өтті. Конституцияның жаңа редакциясын қалыптастыру жөніндегі жұмыстың аяқталғаны және оны 2026 жылғы 15 наурызда өтетін Республикалық референдумның қорытындысы бойынша қабылдау жоспарланып отырғандығын хабарлады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар сенім мен өзара түсіністікті әрі қарай тереңдетудің маңыздылығын атап өтіп, өзара қызығушылық тудыратын салаларда тұрақты байланыстарды қолдауға және ынтымақтастықты дамытуға дайындықтарын растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны