11.06.2026, 20:38 1031

Астанада Сауд Арабиямен өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Астанада Сауд Арабиямен өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Бандар Әл-Хорайефпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, өнеркәсіп саласындағы, оның ішінде тау-кен металлургия кешені, аса маңызды минералдар және инфрақұрылым бойынша, өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларына ерекше назар аударды.

Е.Көшербаев Қазақстанның Сауд Арабиясымен стратегиялық серіктестікті дамытуға басымдық беретінін атап өтіп, ағымдағы жылы қол қойылған Қазақстан-Сауд Арабиясы Үйлестіру кеңесін құру және инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімдердің маңызын атап өтті.

Тараптар тау-кен өнеркәсібі мен аса маңызды минералдар саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ саудиялық компаниялардың Қазақстандағы инвестициялық бастамаларға қатысу мүмкіндіктерін талқылады.

Сондай-ақ кездесу барысында су қауіпсіздігі мәселелері де қозғалып, халықаралық су ынтымақтастығын дамыту перспективалары қарастырылды.

Өз кезегінде Б.Әл-Хорайеф екіжақты күн тәртібінің барлық бағыттары бойынша практикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделілігін білдірді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны