11.06.2026, 19:18 43856
Халықаралық сауданың тиімділігі мен орнықтылығы - Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің назарында
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі Елшісі, Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ АТМЭӘК) жанындағы Тұрақты өкілі Марғұлан Баймұхан бастаған қазақстандық делегация, оның құрамында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің және ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің өкілдері бар, Азия-Тынық мұхиты сауда рәсімдерін жеңілдету форумы мен Қағазсыз сауда апталығы - 2026 жұмысына кірісті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара 2026 жылғы 8-12 маусым аралығында Бангкок қаласындағы БҰҰ АзТМЭӘК штаб-пәтерінде "Сауданы цифрландырудың жаңа буыны: цифрлық және орнықты сауда рәсімдерін жеңілдетуді ілгерілету" тақырыбымен өтуде.
Апта бойы Азия-Тынық мұхиты өңірінің 50-ден астам елінен келген қатысушылар өзара сауда рәсімдерін жеңілдету саласындағы жаңа тәсілдер мен практикалық шешімдерді әзірлеуге бағытталған жоғары деңгейдегі отырыстарға, интерактивті сессияларға және сарапшылық пікірталастарға қатысады.
Форум сауданы цифрландыру, логистикалық және кедендік рәсімдерді жетілдіру, сондай-ақ халықаралық сауданың тиімділігі мен орнықтылығын арттыру мақсатында Азия-Тынық мұхиты өңірі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланатын негізгі өңірлік алаңдардың бірі болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.07.2026, 15:30 136
"Ақ жол" партиясының Құрылтай сайлауына арналған партиялық тізімі тіркелді
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы "Ақ жол" демократиялық партиясының Құрылтай сайлауына ұсынылған партиялық тізімін тіркеді.
Осылайша, партияның Құрылтай депутаттығына ұсынған кандидаттары белгіленген тәртіппен ресми түрде тіркеуден өтті және сайлау науқанына қатыса алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.07.2026, 14:50 256
Тоқаев Таиландтың премьер-министрін Қазақстанға келуге шақырды
Достарға айту
Жаңалық толықтырылуда
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.07.2026, 13:48 1431
Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасында цифрлық көпір құруды ұсынды
Достарға айту
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық сауда мен екі елдің цифрлық экономикаларын интеграциялауды дамыту мақсатында "Қазақстан-Қытай цифрлық көпірін" құруды ұсынды. Мемлекет басшысы бұл бастаманы Шанхайда өткен Дүниежүзілік жасанды интеллект ;-y3yltu3 конференция барысында (WAIC) таныстырды.
Біз "Қазақстан-Қытай цифрлық көпірін" іске қосуды ұсынамыз. Басты мақсат - цифрлық сауданы жандандыру және "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясында цифрлық экономикаларды ықпалдастырудың тиімді үлгісін қалыптастыру. Өңдеу секторы, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және су ресурстарын басқару секілді салаларда жасанды интеллектіні қауіпсіз әрі кеңінен енгізу ісін жеделдеткен жөн",- деп мәлім етті ҚР Президенті.
Ол, жасанды интеллектіні реттейтін ұлттық саясат пен заңдық тетіктерді өзара үйлестіру айрықша мәнге ие екендігіне тоқталып өтті.
ЖИ жүйелерін тестілеу мен сертификаттаудың ортақ стандарттарын түзу де өте маңызды. Біз жасанды интеллектіні теріс мақсатқа пайдаланудың алдын алатын, соның ішінде кибершабуыл, дипфейк, цифрлық алаяқтық пен басқа да қатерлерден қорғайтын пәрменді шаралар әзірлеуіміз керек. Келесі жылды екі елде Жасанды интеллект саласындағы бірлескен бастамалар жылы деп жариялауды ұсынамыз. Қытай Үкіметі мұны қолдаса, зор ризашылықпен қабылдар едік", - деді Мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.07.2026, 13:43 1671
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияның ашылу салтанатына қатысуда
Сурет: Ақорда
Достарға айту
Шанхай қаласында "Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік" тақырыбымен Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференция (WAIC) өз жұмысын бастады. Іс-шараның ашылу салтанатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Бүгінде дүние жүзіндегі жасанды интеллектіні зерттеушілердің жартысынан астамы - Қытай елінің өкілдері. ЖИ саласындағы патенттердің басым бөлігі қытайлық жаңашыл мамандарға тиесілі. Ал елдің қарқынды инновациялық экожүйесі озық технологиялардың көптеген бағытында соны серпіліс жасауда", - деді Президент.
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда жарияланған "Барша адамзат игілігіне қызмет ететін ЖИ" тұжырымдамасына қолдау білдірді.
Технологиялық прогресті баршаның игілігіне айналдыруға күш-жігер жұмылдырғанда осы ұсынылған қағидаттарды басшылыққа алған жөн деп санаймын. Келешектің келбетін өзара сенім мен ортақ мүддеге сай тығыз ынтымақтастық орнатып, серіктесе әрекет ететіндер айқындайды. Мен бұған кәміл сенемін. Осы орайда Төраға Си Цзиньпин ұсынған "Адамзаттың ортақ тағдыры қоғамдастығын" құру туралы тұжырымдаманың маңызы зор. Қазақстан алысты болжаған бұл бастаманы жоғары бағалайды әрі жасанды интеллект дәуірінде оның өзектілігі артып келеді деп санайды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.07.2026, 12:06 2976
Брнодағы қазақ жастары екі елдің жоғары оқу орындарының арасындағы өзара тиімді әріптестікті кеңейтуге ниет танытты
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің басшылығы мен қызметкерлері Чехияның Оңтүстік Моравия өлкесіндегі жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттермен кездесу өткізіп, консулдық қызмет көрсету, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту, жұмыспен қамту мүмкіндіктері, сондай-ақ алдағы парламенттік сайлау аясындағы дауыс беруге қатысу мәселелерін жан-жақты қарастырды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елші Қайрат Әбдірахмановтың пайымдауынша, шетелде білім алып жүрген қазақстандық жастардың әрдайым жоғары патриоттық рухымен, сапалы білімімен және оқуына деген жауапкершілігімен ерекшеленеді. Ал, студенттер өз кезегінде биотехнология, автомобиль инженериясы, жобаларды басқару, өңірлік даму, қоршаған ортаны қорғау, экономика және гуманитарлық ғылымдар салаларында меңгеріп жатқан білімдері мен тәжірибесін Қазақстанда қолдану мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Чехияның жоғары оқу орындары арасындағы өзара тиімді әріптестікті кеңейтуге, академиялық ұтқырлықты дамытуға және тағылымдамалар ұйымдастыруға қатысты бірқатар нақты ұсыныстар ортаға салынды.
Кездесудің жеке бір бағыты алдағы Құрылтай сайлауына арналды.
Қайрат Әбдірахманов ұйымдастырылатын қайырымдылық, музыкалық және өзге де мәдени-көпшілік іс-шараларға белсенді атсалысып жүргендері үшін ризашылығын білдірді.
Брно қаласында өткен бұл кездесу студент жастардың, сондай-ақ білім мен ғылым саласының тұтастай алғанда Қазақстан мен Чехия арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудағы маңызды рөлін тағы бір мәрте айқындады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.07.2026, 20:49 12666
Климат және инвестиция: Қазақстан СІМ мен ЕҚДБ серіктестікті нығайтуда
Тараптар бірлескен жобаларды іске асыруда тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға өзара мүдделі екендіктерін растады
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) климаттық және инвестициялық жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаевтың банк делегациясымен кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, тараптар ҚР мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ тұрақты даму, "жасыл" қаржыландыру, энергетикалық көшу, көлік және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту, цифрландыру және жеке секторды қолдау салаларындағы бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға және тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мен Қазақстанның климаттық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға өзара мүдделілігін растады.
Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Австрияның Berglandmilch сүт кооперативі мен Грекияның Desserta Hellas компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.
Тараптар Қазақстанда Қазақстанда сүт өнімдерін өндіру жобасын іске асыру перспективаларын талқылады. Жоба Қазақстан мен Грекия арасындағы екіжақты инвестициялық ынтымақтастық аясында пысықталуда. Оны іске асырудың түрлі форматтары қарастырылуда: жеке өндіріс орнын ашудан бастап қазақстандық серіктестермен бірлескен кәсіпорын құруға дейін, сондай-ақ өнімді дистрибуциялаудан оны Қазақстанда кезең-кезеңімен жергілікті жерде өндіруге көшу мүмкіндігі зерделенуде.
Кездесу барысында сүтті қайта өңдеуді жергіліктендіру, ірімшік пен йогурт өндірісін дамыту, сүт жинау жүйесін және салқындату логистикасын жетілдіру, сондай-ақ озық технологияларды енгізу мен еуропалық сапа стандарттарын қолдану мәселелеріне ерекше назар аударды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.07.2026, 20:25 14846
Қазақстан Қытаймен мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық әріптестікті нығайтуға мүдделі - Тоқаев
Сурет: Ақорда
Достарға айту
Қазақстан Қытаймен мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық әріптестікті жан-жақты нығайтуға әрдайым мүдделі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен жүргізген келіссөздер барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қытайдың халықаралық қауымдастық алдындағы беделі зор және оның жетістіктерін бүкіл әлем мойындайды. (...) Соңғы жылдары мемлекеттеріміз арасындағы саяси диалог айтарлықтай жандана түсті", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өз кезегінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытай мен Қазақстан арасындағы мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық әріптестік қатынастары жоғары деңгейге көтерілгенін атап өтті.
Өзара ықпалдастықты дамытудың әлеуеті өте зор", - деді Си Цзиньпин.
Қытай басшысы сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерге жоғары баға беріп, жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады және алдағы Құрылтай сайлауына сәттілік тіледі.
Мемлекеттер басшыларының кездесуі аяқталған соң Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы 2027-2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына және жол картасына қол қойылды.
Бұған дейін Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 49 млрд АҚШ долларына жеткені хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.07.2026, 19:53 15456
Грекияның компаниясы Қазақстанда ірімшік пен сүт өнімдерін өндіруді жергіліктендіруге ниетті
Достарға айту
Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров гректің Desserta Hellas компаниясының басшылығымен кездесіп, Қазақстанда ірімшік пен сүт өнімдерін өндіруді жергіліктендіру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру перспективаларын талқылады. Кездесуге Қазақстан Республикасының Грекия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тимур Сұлтанғожин де қатысты.
Тараптар Қазақстанның сүт саласының әлеуетін, шикізатпен қамтамасыз етілу деңгейін, инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын, сондай-ақ қосылған құны жоғары өнім өндірісін Қазақстанда жолға қою мүмкіндіктерін талқылады. Desserta Hellas компаниясының өкілдері Қазақстанда өндірісті іске қосуға және қазақстандық серіктестермен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытатынын растады. Айдарбек Сапаровтың айтуынша, бүгінде Қазақстанда ірімшік өндіретін 64 кәсіпорын және жылына шамамен 2,7 млн тонна сүт өңдеу қуатына ие 182 сүт өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді.
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенмен қатар, шетелдік серіктестермен басқа да стратегиялық салалардағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастырып келеді. Атап айтқанда, Орталық Азия елдерімен өзара іс-қимылға ерекше көңіл бөлінуде.
Естеріңізге сала кетсек, Ташкентте Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстанның Тау-кен өнеркәсібі және геология министрі Бобир Исламовпен кездесті. Тараптар геология және сирек әрі сирек жер металдарын барлау мен өндіру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.07.2026, 09:36Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды 17.07.2026, 10:13 6256Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды17.07.2026, 10:54 5681Қазақстан мен ЕО қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты талқылады17.07.2026, 12:28 3556Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі қызметінен босатылды17.07.2026, 11:49 3316Қазақстанда әуе тасымалының ережелері өзгеруде
10.07.2026, 14:56 71121Димаш Құдайберген Өскеменге келді10.07.2026, 15:22 70696Құрылтай сайлауына қатысатын барлық партиялар кандидаттар тізімін бекітті10.07.2026, 14:44 70106"Әділет" партиясы Құрылтай депутаттығына 186 кандидатты бекітті10.07.2026, 17:54 68081Қазақстанның АӨК өнімдерінің экспорты 36 пайызға өскен: Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының есебін тыңдады10.07.2026, 16:55 68066Бауыржан Молдажан Алатау қаласының прокуратурасын басқаратын болады
18.06.2026, 10:34 206056Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады23.06.2026, 17:00 205646Алматыдағы хайуанаттар бағында ақбөкендер төлдеді20.06.2026, 14:35 200741"Қазыналы Каспий" халықаралық фестиваліне 5 мыңнан астам атыраулық қатысты19.06.2026, 19:17 198141Түркістан облысында мақта алқаптарын суару жұмыстары басталды22.06.2026, 16:07 196061Алматыда 22-26 маусым аралығында электр қуаты уақытша өшіріледі
