18.06.2026, 17:38 3281

Қазақстан БҰҰ-ның өңірлік хабына айналып келеді

Қазақстан БҰҰ-ның өңірлік хабына айналып келеді
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының өңірлік хабы ретінде қарқынды қалыптасып келеді. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Алматыда өткен БҰҰ-ның Жаһандық орталығының ашылуы және БҰҰ-ның Өңірлік орталығының алдағы іске қосылуына байланысты Kazakhstan Today тілшісінің сұрағына берген жауабында мәлім етті.

Бүгінде Алматыда 60-тан астам халықаралық ұйым жұмыс істейді. Бұл Қазақстанның халықаралық ұйымдар үшін өңірлік орталыққа айналып келе жатқанын көрсетеді. Біз бұл үрдісті жан-жақты қолдаймыз", - деді Ермек Көшербаев.


Министрдің айтуынша, Қазақстанның халықаралық ұйымдар орналасатын алаң ретіндегі рөлінің артуы елдің түрлі халықаралық бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Әрбір халықаралық бағдарлама оған қатысушы мемлекеттерге көмек көрсетуге бағытталған", - деп атап өтті министр.


Сондай-ақ, Ермек Көшербаев халықаралық құрылымдардың Алматыда орналасыуының артықшылықтарын атап өтті. Оның айтуынша, қаланың халықаралық орталық ретінде қалыптасуына дамыған инфрақұрылым, қауіпсіздік деңгейінің жоғары болуы және тиісті қызметтердің қолжетімділігі ықпал етеді.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда БҰҰ-ның Өңірлік орталығын құру туралы заңға қол қойған болатын.

Сондай-ақ, бұған дейін Алматыда Орталық Азиядағы БҰҰ Жаһандық шартының алғашқы өңірлік кеңсесі ашылғаны хабарланған еді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны