08.04.2026, 15:53 2681

Қазақстан БҰҰ АзТМЭӘК-мен жан-жақты әріптестікті нығайтуда

Қазақстан БҰҰ АзТМЭӘК-мен жан-жақты әріптестікті нығайтуда
Сурет: gov.kz
Қазақстанның БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ АзТМЭӘК) жанындағы Тұрақты өкілі Марғұлан Баймұхан Бангкок қаласындағы Комиссияның штаб-пәтерінде БҰҰ Бас хатшысының орынбасары әрі БҰҰ АзТМЭӘК Атқарушы хатшысы профессор Армида Салсия Алисджабанамен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар 2026 жылғы 20-24 сәуір аралығында Бангкок қаласында өтетін Комиссияның 82-сессиясына дайындық мәселелерін талқылады.

Марғұлан Баймұхан Қазақстанның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі БҰҰ жүйесіндегі ең ірі өңірлік ұйым - БҰҰ АзТМЭӘК-мен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілділігін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны