17.02.2026, 15:12 36996
Қазақстан делегациясы Африка одағының 39-шы Саммитіне қатысты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, Қазақстанның Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Жалғас Әділбаев бастаған Қазақстан делегациясы 2026 жылғы 14-15 ақпан аралығында Аддис-Абебада өткен Африка одағына (АО) мүше мемлекеттер басшыларының жыл сайынғы 39-шы Саммитіне қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Саммитке АО-ға мүше 48 мемлекеттің делегациясы Мемлекет және үкімет басшылары, сыртқы істер министрлері деңгейінде, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты.
Құрметті қонақтар мен серіктестер қатарында БҰҰ Бас хатшысы және Африка одағы жанындағы бақылаушы мемлекеттердің бірқатар жоғары лауазымды өкілдері болды.
39-шы Саммиттің тақырыбы: "2063 жылға дейінгі күн тәртібінің мақсаттарына қол жеткізу үшін тұрақты сумен жабдықтауды және қауіпсіз санитария жүйелерін қамтамасыз ету" деп жарияланды. Отырыстар барысында су қауіпсіздігі, трансшекаралық су ресурстарын басқару, сумен жабдықтау және санитария саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру, сондай-ақ континенттегі климаттың өзгеруіне және құрғақшылыққа төзімділікті нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Күн тәртібі аясында Африканың бірқатар елдеріндегі қақтығыстарды реттеу, АО-ның институционалдық реформасын ілгерілету, Африка құрлықтық еркін сауда аймағын құру туралы келісімді одан әрі іске асыру, Африканың жаһандық басқаруға қатысуын кеңейту, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін реформалау, сондай-ақ құрлық елдерінің қатысуымен өтетін алдағы халықаралық форумдарға дайындық мәселелері де қаралды.
Саммит қорытындысы бойынша мүше мемлекеттердің тұрақты даму мақсаттарына, соның ішінде таза су мен санитарияға қолжетімділік саласындағы мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі бірлескен күш-жігерін жандандыруға бағытталған тиісті шешімдер мен декларациялар қабылданды.
Саммит аясында қазақ дипломаты Конго Демократиялық Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ноэлла Наквипонемен, КДР-дың Эфиопиядағы Елшісі Жан Леон Илунгамен, Панафрикалық Парламенттің Вице-президенті, Эфиопия Парламентінің депутаты доктор Ашебиро Гайомен және Джибути Республикасы СІМ департаментінің директорымен, Эфиопияның Туризм, мәдениет және спорт министрлерімен, сондай-ақ Эфиопияда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында екіжақты және көпжақты ынтымақтастық форматтарындағы, соның ішінде БҰҰ мен АО шеңберіндегі өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
18.02.2026, 14:22 34121
ТүркПА Қазақстандағы референдумды бақылайды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясының (ТүркПА) Бас хатшысы Рамиль Хасанмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақ дипломаты жалпы түркілік байланыстардағы ТүркПА-ның маңызын атап өтіп, ұйым қызметінің одан əрi жүйелене түсетiнiне деген сенімін білдірді.
Әңгіме барысында Ә. Байел Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 15 наурызда еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау жөнінде республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойғанын атап өтті.
Осыған байланысты Елші Р.Хасанға Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың алдағы референдумға байқаушы ретінде қатысуға шақыруын табыстады.
Өз кезегінде Р.Хасан шақыру үшін алғысын білдіріп, ТүркПА делегациясы референдумға халықаралық байқаушылар ретінде белсенді түрде қатысатынын жеткізді. Бас хатшы Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға жоғары баға беріп, қонақтарды ұйымның 2026 жылға арналған жоспарларымен таныстырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.02.2026, 13:20 33076
Қазақстанның бастамасымен Женевада медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі Жаһандық коалиция талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) жөніндегі Жаһандық коалицияға арналған Тұрақты өкілдер кездесуін өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға елшілер, жоғары деңгейдегі дипломаттар және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілдері қатысып, қазіргі күрделі жаһандық жағдайда МСАК-ны ілгерілету мәселелері бойынша бейресми пікір алмасты.
Кездесудің ашылуында Қазақстанның Тұрақты өкілі, Елші Ержан Қазыхан еліміздің медициналық-санитарлық алғашқы көмек саласындағы көпжылдық көшбасшылығын атап өтті. Бұл көшбасшылық 1978 жылғы Алматы декларациясы мен 2018 жылғы Астана декларациясынан бастау алады. Ол гуманитарлық дағдарыстар, климаттық апаттар және теңсіздіктің өсуі жағдайында МСАК әділ әрі орнықты денсаулық сақтау жүйелерінің ең тиімді негізі болып қала беретінін айтты.
Елші Қазақстанның МСАК жөніндегі Жаһандық коалицияны диалог, әріптестік және нақты іс-қимылға арналған саяси платформа ретінде ілгерілетуге берік бейілділігін растады және алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жаһандық денсаулық сақтау күн тәртібінің өзегінде сақтау үшін мүдделі серіктестермен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.
Іс-шара барысында ДДСҰ өкілдері - Қызмет көрсету тиімділігі, қаржыландыру және қызметтер көрсету департаментінің директоры Калипсо Чалкиду мен МСАК қызметтерін көрсету бөлімшесінің басшысы Шамс Сайед сөз сөйлеп, одан кейін жоғары деңгейдегі қатысушылардың пікірлері тыңдалды.
Қатысушылар ДДСҰ Бас директорының МСАК жөніндегі соңғы баяндамасына назар аударып, онда Жаһандық коалиция саяси міндеттемені сақтау және тәжірибе алмасу тетігі ретінде танылғанын атап өтті. Сонымен қатар болашақтағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Қазақстан МСАК жөніндегі Жаһандық коалицияны 2023 жылы медициналық-санитарлық алғашқы көмекке жоғары деңгейдегі саяси назар аударуды көздейтін ерікті, өңіраралық платформа ретінде бастамашылық етті. Қазіргі уақытта Коалицияға ДДСҰ-ны қоса алғанда 24 серіктес ел мүше болып табылады және оған жаңа мемлекеттердің қызығушылығы артып келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.02.2026, 12:44 38131
Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен барады
Достарға айту
18-19 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне баса мән беріледі. Атап айтқанда, бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу бойынша нақты шаралар әзірлеуге ден қойылады.
Сонымен қатар сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.02.2026, 12:18 38766
Қазақстан мен Молдова парламентаралық өзара іс-қимылды нығайтуға ниетті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Парламенті төрағасының орынбасары Дойна Германмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың дәйекті дамуын растады және парламентаралық ынтымақтастықты жүйелі түрде нығайтуға ниетті екенін атап өтті.
Қазақ дипломаты елде жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформалар туралы жан-жақты ақпарат берді. Аталған реформалар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің бастамасымен қолға алынған. Осы тұрғыда Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның қызметі, жаңартылған Конституцияның негізгі ережелері, сондай-ақ ү.ж.15 наурызына жоспарланған Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы бойынша республикалық референдум туралы мәлімет ұсыныды.
А.Айдарбеков сондай-ақ Қазақстанның халықаралық дипломатия саласындағы жетістіктері мен 2025 жылдың қорытындылары бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне тоқталды.
Өз кезегінде Вице-спикер Молдованың еуропалық интеграция және сыртқы саясат, қауіпсіздік пен экономикалық өсімді ынталандыру, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту және климаттық күн тәртібін ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және диаспорамен өзара іс-қимылды дамыту дағы негізгі басымдықтарын атап өтті.
Д.Герман молдава тарапының екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдіріп, Кишинёвтың өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Молдова ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растап, тұрақты саяси диалогты қолдаудың және парламентаралық байланыстарды жандандырудың маңыздылығын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.02.2026, 11:11 39016
Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы Солтүстік Македония Парламентінде таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македония Парламенттік тобының төрағасымен Никола Коняновски бастаған Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі мүшелерімен кездесуде Қазақстанның жаңа Конституциясы туралы презентация жасады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елші депутаттарды биыл 15 наурызда Қазақстанда саяси жүйені одан әрі демократияландыру мен жаңғыртуды, Президенттен Парламентке бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлуді және жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейтуді көздейтін жаңа конституция жобасын қабылдау бойынша жалпыұлттық референдум өтетіндігі туралы хабардар етті.
Қазақ дипломаты Конституциялық новеллалар ықпалды парламенті бар супер президенттік модельден президенттік республикаға көшудің соңғы кезеңін белгілейтініне назар аударды. Елші жаңа Конституция "Күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет" формуласы бойынша билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді айқындау арқылы тежеу мен тепе-теңдік жүйесін жетілдіруге арналғанын атап өтті.
Негізгі Заңды жаңартудың мақсаты - мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформация мен жаһандық тұрақсыздықты қоса алғанда, қазіргі әлемнің сын-қатерлеріне бейімдеу. Реформаның өзегінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, сондай-ақ ресурстық даму моделінен адами капиталға, ғылым мен инновацияларға негізделген экономикаға көшу мәселелері тұр", - деп мәлімдеді С.Бұршақов
Кездесу барысында тараптар екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады және өзара қызығушылық тудыратын халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Солтүстік Македония парламентшілері биліктің заң шығарушы тармағының өкілеттіктерін кеңейтуге және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған конституциялық реформаның қазақстандық тәжірибесін зерделеуге қызығушылық білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.02.2026, 10:59 39366
Қазақстан мен Орыс Православие Шіркеуі конфессияаралық диалогты дамытуға бейілділігін растады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде Елші Дәурен Абаев Мәскеу Патриархатының Сыртқы шіркеу байланыстары бөлімінің төрағасы Волоколамск митрополиті Антониймен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елші Республикада бейбітшілікті, татулықты, қазақстандық қоғамдағы дінаралық келісімді, сондай-ақ елдер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуда үлкен рөл атқаратын Орыс православие шіркеуімен қалыптасқан өзара байланыстың жоғары деңгейі бағаланатынын атап өтті.
Д.Абаев Орыс православие шіркеуінің Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіне тұрақты қолдау көрсеткені, Патриарх Кирилл бастаған өкілді делегацияның Астанада өткен қыркүйек форумына қатысқаны үшін ризашылығын білдіріп, қонаққа Съездің Ізгі ниет елшісінің төсбелгісі мен куәлігін табыс етті.
Өз кезегінде, митрополит Антоний құрметті мәртебе үшін алғысын білдіріп, Съездің әлемдегі дінаралық келісімді дамытуда ерекше алаң ретіндегі маңыздылығын атап өтті және оның мақсаттары мен міндеттерін іске асыруда белсенді жұмыс жасайтынын айтты. Сондай-ақ, ол Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы табысты байланыстарды нығайтуға дайындығын білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар дінаралық диалог пен тату көршілік қағидаттарын қолдау және бекітуде одан әрі сындарлы ынтымақтастықты жалғастыратындарын баса айтты. Дәстүрлі адамгершілік құндылықтарды сақтау және дінаралық келісімді нығайту мақсатында қоғамның рухани дамуы үшін жергілікті билік органдары мен епархиялар арасындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығы аталып өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.02.2026, 22:15 39696
Қазақстан мен Сауд Арабиясы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге бейілділігін растады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Эр-Рияд, 2026 жылғы 17 ақпан - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапармен барды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Делегация құрамына "Самрұқ-Қазына" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов және ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, сондай-ақ меморгандар мен квазимемлекеттік мекемелердің өкілдері енді.
Сапардың басты оқиғасы корольдіктің Сыртқы істер министрі ханзада Фейсал бен Фархан Аль Саудпен келіссөздер болды. Тараптар саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтуге, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге басымдық бере отырып, қазақ-сауд серіктестігінің ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын жан-жақты қарастырды.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары өзара сыйластық, сенім және стратегиялық бірін-бірі толықтыру қағидаттарына негізделген екіжақты қатынастардың қарқынды серпінін атап өтті. Басты назардың шарттық-құқықтық базаны одан әрі жетілдіруге және ынтымақтастықты нақты өзара тиімді жобалармен толықтыруға бағытталғандығы расталды.
Өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК, сондай-ақ ОПЕК+форматын қоса алғанда, халықаралық құрылымдар шеңберіндегі күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығы аталып өтті. Ведомствоаралық тығыз өзара іс-қимылды жалғастыру және негізгі халықаралық мәселелер бойынша тәсілдерді келісу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Қазақстан Сауд Арабиясын Таяу Шығыс пен араб әлеміндегі жақын және сенімді серіктес ретінде қарастырады. Біздің елдеріміз мазмұнды саяси диалогты, сенімнің биік деңгейін және жаһандық және өңірлік сын - қатерлердің кең ауқымы бойынша ұстанымдардың жақындығын біріктіреді", - деп атап өтті Ермек Көшербаев.
Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың әлеуетін ашуға ерекше назар аударылды. Қазақ тарапы энергетика, инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және "жасыл" экономиканы қоса алғанда, басым секторларда сауд капиталының қатысуын кеңейтуге мүдделілік білдірді.
Өз кезегінде ханзада Фейсал бен Фархан Корольдіктің іскерлік байланыстарды одан әрі жандандыруға және өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша іс жүзіндегі кооперацияны тереңдетуге дайындығын растады.
Сапар аясында Қазақстан СІМ басшысы бірқатар екіжақты кездесулер, оның ішінде Корольдіктің Энергетика министрі ханзада Абделазиз бен Салман Аль Саудпен, Инвестициялар министрі Фахад Әл-Саифпен, сондай-ақ ACWA Power компаниясының Басқарма Төрағасы Мұхаммед Абунаянмен кездесу өткізді.
Келіссөздер дәстүрлі генерация, жаңартылатын энергия көздері және "жасыл" көшу саласындағы жобаларды қоса алғанда, энергетикадағы салалық өзара іс-қимылды кеңейтуге, сондай-ақ Сауд Арабиясының инвестициялары мен технологиялық шешімдерін Қазақстан экономикасына тарту мәселелеріне бағытталды.
Сапар қорытындысы бойынша Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы және Үйлестіру кеңесін құру туралы үкіметаралық келісімдерге қол қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.02.2026, 19:02 39986
Қазақстан мен Швеция саяси консультациялардың бесінші раундын өткізді
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Швецияның сыртқы саяси ведомстволары арасында саяси консультациялардың бесінші раунды өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов, ал швед делегациясын Швеция СІМ-нің саяси мәселелер жөніндегі бас директоры Торбьёрн Сольстрём басқарды.
Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ парламентаралық диалогты дамыту және іскер топтар арасындағы байланыстарды жандандыру перспективаларын талқылады.
Қазақстанның Еуропалық Одақпен ынтымақтастығы мәселелеріне, соның ішінде Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру аясында, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл және өңірлік әрі жаһандық күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар саяси диалогты одан әрі дамытуға өзара дайын екендіктерін білдірді.
ҚР СІМ мәліметінше, 2025 жылы Қазақстан мен Швеция арасындағы тауар айналымы 361,6 млн АҚШ долл құрады (+10,4%), оның ішінде экспорт - 75,9 млн долл, импорт - 285,6 млн долл 2005-2025 жылдар аралығында Швециядан Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 690 млн АҚШ долларынан асты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
14.02.2026, 18:09Алматыда Қазақстан Сыртқы істер министрінің БҰҰ агенттіктерінің басшыларымен кездесуі өтті 15.02.2026, 10:50 62171Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады13.02.2026, 19:48 59741Мемлекет басшысы АҚШ елшісі Джули Стаффтты қабылдады13.02.2026, 18:17 59001Қазақстан мен Қырғызстан одақтастық қатынастарды нығайтуды жалғастыруда13.02.2026, 17:21 57806Қазақстан мен Қырғызстан одақтастық қатынастарды дамытуды жалғастырып, стратегиялық диалогты нығайтуда
20.01.2026, 11:17 237536Күн бетінде ең қуатты жарқыл болды20.01.2026, 10:34 2026 жылы салық режимін қалай таңдауға болады: кәсіпкерлер 1 наурызға дейін хабарлама тапсыруы қажет2354812026 жылы салық режимін қалай таңдауға болады: кәсіпкерлер 1 наурызға дейін хабарлама тапсыруы қажет20.01.2026, 21:15 228541Алматыда ірі заңсыз нысан сот шешімімен бұзылып жатыр09.02.2026, 22:39 224066Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады21.01.2026, 10:52 217581Қазақстанда заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі регламенттеледі

