01.06.2026, 16:56 36576

Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасы мәселесін шешуге жәрдемдесуге дайын екенін мәлімдеді

Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасы мәселесін шешуге жәрдемдесуге дайын екенін мәлімдеді
Сурет: kazatomprom
Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселені шешуге техникалық қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қазақстанды қоса алғанда бірқатар мемлекеттер барлық қатысушы тараптар арасында тиісті халықаралық келісімдерге қол жеткізіліп, мәселе практикалық деңгейге көшірілген жағдайда, ізгі ниет рухында осы мәселені шешуге техникалық жәрдем көрсетуге дайын екендерін білдірді", - деді СІМ-нің ресми өкілі Ерлан Жетібаев брифинг барысында.


Ол МАГАТЭ басшысы Қазақстан аумағында ұйымға тиесілі төмен байытылған уран банкі бар екенін атап өткенін еске салды. Оның айтуынша, бұл банк бейбіт атом бағдарламалары үшін ядролық отынның кепілді жеткізілімін қамтамасыз ететін қосымша тетік ретінде жаһандық ядролық қаруды таратпау режимін нығайтуға маңызды үлес қосып келеді.

Бұған дейін Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) бас директоры Рафаэль Гросси Financial Times газетіне берген сұхбатында Қазақстан Иранның уран қорын сақтауға қабылдауға дайын екенін мәлімдеген болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны