02.04.2026, 09:34 1911

Қазақстан Мәдинадағы мәдениеттер мен халықтар фестивалі алаңында

Қазақстан Мәдинадағы мәдениеттер мен халықтар фестивалі алаңында
Сурет: gov.kz
Сауд Арабиясы Мәдина өңірінің губернаторы ханзада Салман бен Сұлтан Әл Саудтың шақыруымен Қазақстанның Корольдіктегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Мәдина қаласына барды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сапар аясында Елші Мәдина Ислам университеті ұйымдастырған Мәдениеттер мен халықтардың 14-ші фестиваліне қатысты. Іс-шараға университетте білім алып жатқан әлемнің 170-тен астам елінің өкілдері қатысып, өздерінің ұлттық салт-дәстүрлері және мәдениеттерімен таныстырды.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Мәдина өңірі губернаторының орынбасары ханзада Сауд бен Нахар Әл Саудпен, сондай-ақ Мәдина Ислам университетінің президенті Салех Әл-Ағламен кездесті. Кездесулер барысында білім беру саласындағы ынтымақтастық және гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны