17.06.2026, 12:33 9966

Қазақстан мен Түркия екіжақты қатынастардың шарттық-құқықтық базасын жетілдіру перспективаларын талқылады

Қазақстан мен Түркия екіжақты қатынастардың шарттық-құқықтық базасын жетілдіру перспективаларын талқылады
Сурет: СІМ
Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы Сыртқы істер министрліктері арасындағы халықаралық-құқықтық мәселелер бойынша консультациялардың кезекті раунды өтіп, іс шараға ҚР СІМ Халықаралық құқық департаментінің директоры Дастан Сүлейменов пен Түркия Республикасы СІМ Халықаралық құқық және шарттар департаментінің бас директоры Фират Сүнел қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Екіжақты қатынастардың шарттық-құқықтық базасының қазіргі жай-күйі және оны одан әрі жетілдіру перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықтың құқықтық аспектілерін талқылап, халықаралық құқықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Консультациялар конструктивті ахуалда өтіп, екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының құқықтық қызметтері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға өзара мүдделілікті растады.

Тараптардың келісімі бойынша консультациялардың келесі раунды Қазақстан Республикасында өтеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны