17.06.2026, 09:55 17706
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және қадағалау органымен, сондай-ақ Чехия Республикасының полициясымен бірлесіп жүргізген ауқымды арнайы операцияның нәтижесінде Қазақстан мен ТМД елдерінің азаматтарының жеке деректерін заңсыз таратумен айналысқан халықаралық арнаны жойды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру жұмыстары, мұқият жоспарлау және құқық қорғау органдарының үйлестірілген іс-қимылдарының нәтижесінде халықаралық деңгейде әрекет еткен қылмыстық топтың қызметі әшкереленіп, жолы кесілді. Сонымен қатар қылмыстық іс бойынша күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша, яғни Чехия Республикасының Усти-над-Лабем қаласында, сондай-ақ Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында тінту жұмыстары жүргізілді. Тергеу әрекеттері барысында заңсыз қызметтің дәлелдерін қамтитын көптеген цифрлық ақпарат тасымалдағыштар, сондай-ақ қолма-қол ақша тәркіленді", - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.
ІІМ мәліметінше, қылмыстық әрекеттерді жүзеге асыру үшін күдіктілер Қазақстан және көршілес мемлекеттердің азаматтарына қатысты жеке деректер орналастырылған жабық интернет-ресурс құрған. Топ ішінде нақты иерархиялық құрылым болған: әрбір қатысушы өзіне жүктелген міндетті атқарған. Олар қылмыстық схеманы үйлестірушілерден бастап, жеке деректерді заңсыз анықтауға қатысты тапсырыстарды қабылдап, өңдейтін операторларға дейінгі қызметтерді орындаған. Заңсыз жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дроп-аккаунттар пайдаланылған.
Әртүрлі заңсыз қызмет түрлеріне, оның ішінде бір реттік сұраныстар мен ресурсқа абоненттік қолжетімділікке арналған арнайы баға тізімі белгіленген. Қылмыстық схеманы ұйымдастырды деген күдікке ілінген адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі киберқылмысқа қарсы іс-қимылды, жеке деректерді заңсыз таратудың арналары мен көздерін анықтап, жоюды, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау бағытындағы кешенді шараларды одан әрі жалғастырады", - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.06.2026, 19:46 2401
Тоқаев Қазақстанда БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы Заңға қол қойды
Достарға айту
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы сондай-ақ Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 18:24 4251
Ішкі істер министрі мемлекет басшысына елдегі криминогендік ахуалды баяндады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі криминогендік ахуал және ішкі істер органдарының алдына қойылған міндеттердің орындалуы жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысына 2026 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша тіркелген қылмыс саны былтырғы кезеңмен салыстырғанда 9 пайызға төмендегені айтылды. Негізгі санаттар бойынша құқықбұзушылықтың азаюы және қылмысты ашу деңгейінің артуы байқалады.
Алдын алу іс-шаралары мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.
Ведомство жазаның бұлтартпас қағидатын дәйекті түрде қамтамасыз етіп келеді. Есепті кезеңде өткен жылдары жасалған 1685 қылмыс ашылған. Сот төрелігінен жасырынып жүрген 574 қылмыскер, оның ішінде 89-ы шетелден табылды.
Министр Мемлекет басшысына киберқылмысқа, есірткі қылмысына, ұйымдасқан қылмысқа және экстремизмге қарсы күрес нәтижелері жөнінде ақпарат берді. Қылмыстық топтардың жолын кесу, азаматтарды қауіп-қатерлерден қорғау, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша кешенді іс-шаралар қолға алынған.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық жүйені қамтамасыз ету үшін "Заң мен тәртіп" қағидатын нақты жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 18:20 4521
Қорғаныс мақсатындағы құны 1 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
Достарға айту
Қорғаныс мақсатындағы құны 1 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызмеінен.
Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы қадағалау шаралары барысында Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің біріне тиесілі, жалпы аумағы 87 гектардан асатын жер учаскесінің 1999 жылы заңсыз түрде жеке меншік құрылымдардың пайдасына берілгенін және кейіннен бірнеше мәрте қайта сатылғанын анықтады.
Гарнизон прокуратурасы әскери бөліммен бірлесіп, сот тәртібімен сатып алу-сату шарттарының жарамсыз деп танылуын қамтамасыз етті.
Нәтижесінде құны 1 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылып, әскери ведомствоның балансына берілді.
Көрсетілген бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 17:36 5141
Табысы 3,4 трлн теңге болатын активтер бәсекелестік ортаға берілді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдап, оның "Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлықты іске асыруға арналған есебін тыңдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне.
Президентке аталған Жарлықты орындау аясында квазимемлекеттік секторды қысқарту және бәсекелестікті дамыту бағытында жүйелі жұмыс атқарылып жатқаны туралы баяндалды. Жекешелендіру жөніндегі Ұлттық кеңсенің тікелей қатысуымен 2026-2030 жылдарға арналған квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекеттік меншік объектілерін оңтайландыру жоспары бекітілді. Бәсекелестік ортаға берілетін активтердің жиынтық кірісі 3,4 триллион теңгені құрайды.
Мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау нәтижелеріне айрықша назар аударылды. Қабылданған шаралар бір көзден сатып алу үлесін 39 пайыздан 24 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік беріп отыр. Соның арқасында жалпы бюджет аясындағы бәсекелі сатып алу үлесі 6,2 - 8,1 триллион теңгеге дейін ұлғайды.
Мемлекет басшысына бизнес субъектілерінің тауар нарықтарына кіруіне тосқауыл қоятын кедергілерді жою жұмыстары, маңызды нарықтардағы өнімсіз делдалдардан арылу бойынша қабылданған шаралар, сондай-ақ цифрлық экономиканы реттеудің жаңа тәсілдерін әзірлеу жөніндегі бастамалар туралы баяндалды.
Марат Омаров бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы заңнамалық түзетулердің алтыншы пакеті бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа тоқталды. Заң жобасында бәсекелестік саясаттың тиімділігін арттыруға, монополияланған нарықтардағы бақылауды күшейтуге, монополияға қарсы реттеуді жетілдіруге және экономиканың мемлекеттік сектордағы үлесін одан әрі қысқартуға бағытталған жеті жүйелі бағыт көзделген.
Кездесу соңында Президент Агенттік төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 17:24 5441
Қосшыда NVIDIA В300 негізіндегі суперкомпьютерлік кластер іске қосылмақ
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады. Мемлекет басшысына Қордың биылғы бес айдағы жұмыс қорытындылары және орта мерзімді кезеңге арналған даму жоспары туралы есеп берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Нұрлан Жақыповтың айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қор басқаруындағы активтер 88 миллиард долларды құраған.
Ауқымды инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру жалғасуда. Биыл 3,3 триллион теңгеге 16 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Мойынты - Қызылжар, Дарбаза - Мақтаарал жаңа теміржол желілерінің құрылысы, Қашағандағы газ өңдеу зауыты, Алматы екінші жылу электр орталығын жаңғырту, гибридті электр станциясын салу және Каспий теңізінің табанына талшықты-оптикалық желі төсеу жобалары қолға алынған.
Бұл бастамалар еліміздегі көлік, энергетика және цифрлық инфрақұрылымды нығайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ халықтың тұрмыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Президентке Қор жобалары ұжымдық әлеуметтік жауапкершілік аясында жылына шамамен 1 миллион қазақстандыққа қолдау көрсететіні жөнінде баяндалды. Бұдан бөлек, "Таза Қазақстан" жалпыхалықтық экологиялық акциясы шеңберінде ел аумағы бойынша 5 миллион көшет егу көзделген. Бұл ретте 2024-2025 жылдары 5,8 миллион ағаш отырғызылған. Жалпы, 2023-2026 жылдар аралығында 856 миллиард теңгеге 100-ден аса әлеуметтік жоба жүзеге асырылған.
Нұрлан Жақыпов биыл қазан айында Қосшы қаласында NVIDIA B300 базасындағы жаңа суперкомпьютерді іске қосу жоспарланғанын айтты. Жаңа кластер жұмыс істей бастаған соң "Қазақтелеком" портфелдік компаниясындағы суперкомпьютер қуаты төрт есе артады. Бұл еліміздің жасанды интеллект, деректерді өңдеу және өнімі жоғары есептеуіш саласындағы мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы Қордың негізгі жұмыс бағыттары, соның ішінде басты инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыру бойынша бірқатар міндет жүктеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 15:08 7986
Қазақстанда ҰҚШҰ шеңберінде әскери құралымдарды тасымалдау жеделдетіледі
Мәжіліс тиысты құжатты қабылдады
Достарға айту
Мәжіліс Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының шеңберінде келісімдерді ұлттық заңнамаға сәйкес келтіру жөнінде түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды Парламенттің төменгі палатасының баспасөз қызметінен.
Мәжіліс 2010 жылғы 10 желтоқсандағы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құрылымдарының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы, сондай-ақ 2015 жылғы 15 қыркүйектегі ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери және басқа да құрылымдарын, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдау саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге түзетулер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады", деп айтылған хабарламада.
Енгізілген түзетулер нақтылау сипатына ие және құжат ережелерін ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына және ұйымның нормативтік құқықтық құжаттарына сәйкес келтіруге бағытталған. Сондай-ақ, бірінші келісім шеңберінде құрылымдарды басқаруға, олардың өз мақсаттары бойынша міндеттерді шешуі үшін тасымалдау (транзит) мәселелерін жедел қарауға, сондай-ақ тараптардың аумағында ұжымдық қауіпсіздік күштері мен құралдары құрылымдарының жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасауға байланысты нормалар өзектендіріледі.
Екінші құжатпен әскери және басқа да құрылымдар өз мақсаттары бойынша міндеттерді орындау немесе бірлескен оқу-жаттығуларға қатысу кезінде шұғыл шаралар қабылданған жағдайда, оларды тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезіндегі жеделдік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін келісім нормалары өзектендіріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 13:09 8656
Үкімет тұрғын үй құрылысының сапасын талқылады
Достарға айту
Үкіметте тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылыс сапасы мәселелері бойынша кеңес өтті. Кездесу барысында құрылыс жобаларын жүзеге асыру кезінде бақылауды күшейту шаралары қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасыз қызметінен.
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024-2025 жылдары пайдалануға берілген нысандарға жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы баяндамасы тыңдалды. Ведомствоның мәліметінше, мониторинг 1 032 нысанды қамтыды. Оның ішінде 725 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны, 230 тұрғын үй құрылысы және абаттандыру объектісі, сондай-ақ 77 инженерлік, көліктік, әкімшілік және өзге де инфрақұрылым нысандары бар.
Мониторинг барысында өңірлерде құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына және құрылыс бақылауын ұйымдастыруға байланысты бірқатар ақау мен кемшілік анықталды. "Samruk-Kazyna Construction" АҚ оператор болып саналатын "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында салынған нысандарға ерекше назар аударылды.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары құрылыс бақылауы мен ақауларды жоюда көзбояушылыққа жол берілмейтінін атап өтті. Құрылыс сапасы жобаларды жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде жобалау мен құрылыс-монтаждау жұмыстарынан бастап объектілерді қабылдау, техникалық және авторлық қадағалау, сондай-ақ кепілдік міндеттемелерін орындауға дейін қамтамасыз етілуі тиіс.
Осыған байланысты құрылыс бақылауын күшейту және тапсырыс берушілердің, мердігерлік ұйымдардың, техникалық және авторлық қадағалаудың жауапкершілігін арттыру шаралары талқыланды.
Кеңес барысында мұқтаж азаматтар арасында тұрғын үйді бөлу, сондай-ақ жол саласын битуммен қамтамасыз ету мәселелеріне жеке назар аударылды. Әкімдіктердің, уәкілетті органдар мен жауапты ұйымдардың тұрғын үйді уақтылы ұсыну, битумға қажеттілікті жоспарлау және жол-құрылыс маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету бойынша үйлестірілген жұмысы қажеттігі атап өтілді.
Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министрдің бірінші орынбасары құрылыс процесінің барлық қатысушыларының дербес жауапкершілігін арттыру, формальды бақылаудан бұзушылықтардың алдын алуға және жобаларды жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде сапаны қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмысқа көшу қажеттігіне назар аудара отырып, бірқатар тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2026, 14:12 33376
ІІМ үй аумағында көлік қоюға тыйым салуға қатысты ресми түсініктеме берді
Достарға айту
Әлеуметтік желіде биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап тұрғын үйлердің ауласында көлік құралдарын қоюға тыйым салатын нормалар енгізілетіні туралы ақпарат таралуда. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі бұл мәселеге қатысты Жол жүрісі қағидаларына ешқандай өзгерістер енгізілмегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Көлік құралдарын тоқтату мен тұраққа қоюға қатысты талаптар бұрынғыдай өзгеріссіз қалады. Сонымен қатар көлік құралдарын гүлзарларға, көгалдарға, балалар және спорт алаңдарына қоюға және сонда тоқтауға тыйым салу жөніндегі Жол жүрісі қағидаларының нормалары қолданыста бар екенін еске саламыз.
Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі жол қозғалысына қатысушылардың барлығын Жол жүрісі қағидаларының талаптарын қатаң сақтауға, жолда барынша мұқият әрі сақ болуға, өзара құрмет пен жауапкершілік танытуға шақырады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.
Ата-аналар мен заңды өкілдерге балалардың мінез-құлқын бақылауды күшейтіп, көшеде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін үнемі ескертіп, сондай-ақ жолдың жүріс бөлігінде, денсаулық пен өмірге қауіп төндіретін өзге де орындарда ойнауға болмайтынын түсіндіру ұсынылады. Тек бірлесіп қана біз жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғаларының алдын аламыз", - деді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.06.2026, 09:55Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды 17.06.2026, 10:07 12021Қазақстан мен Испания белсенді саяси диалогты жалғастыруға өзара мүдделі17.06.2026, 11:12 11761Қазақстанның Мароккодағы елшісі CGEM Төрағасымен екі елдің бизнес қауымдастықтары үшін өзара қызығушылық тудыратын нақты жобаларды талқылады17.06.2026, 10:08 10506Қазақстан мен Иран көлік дәлізі мен порт инфрақұрылымын дамытуды жеделдетпек17.06.2026, 12:33 10331Қазақстан мен Түркия екіжақты қатынастардың шарттық-құқықтық базасын жетілдіру перспективаларын талқылады
12.06.2026, 20:00 132446Қазақстанның Сыртқы істер министрі Франция Елшісін қабылдады12.06.2026, 15:51 131946Корея Республикасының Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды12.06.2026, 21:12 131266Қазақстан СІМ басшысы Таиланд Елшісін қабылдады12.06.2026, 19:31 129276Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады12.06.2026, 17:05 Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді128891Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді
22.05.2026, 20:31 251601Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды22.05.2026, 17:13 237291Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады22.05.2026, 14:48 207726ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады21.05.2026, 13:04 194801Италия сенаторы Қазақстандағы саяси реформалардың жоғары деңгейін атап өтті21.05.2026, 14:05 194776Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

