01.04.2026, 23:13 1886

Қазақстан мен Украина Астанада ведомствоаралық консультациялар өткізді

Қазақстан мен Украина Астанада ведомствоаралық консультациялар өткізді
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Мищенконың төрағалығымен екіжақты ведомствоаралық консультациялар өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Іс-шара барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесу аясында өзара тауар айналымын ұлғайтудың маңыздылығына, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, логистиканы жақсартуға және экспортты әртараптандыруға ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы диалогты одан әрі жалғастыруға уағдаласты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны