29.04.2026, 13:26 107551

Қазақстан мен Әзербайжан дипломатиялық қызмет пен кадрлық саясат саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Әзербайжан дипломатиялық қызмет пен кадрлық саясат саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысы Амангелді Саинов Әзербайжан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Эльнур Исрафил оглу Мамедовпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Келіссөздерге сыртқы саяси ведомстволардың кадрлық және қаржылық саясат, жылжымайтын мүлікті басқару және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жауапты құрылымдық бөлімшелер басшылары қатысты.

Дипломаттар дипломатиялық қызметтің рөлі және ұлттық мүдделерді тиімді ілгерілету мақсатында оларды одан әрі жетілдіру жолдары туралы пікір алмасты. Қазақстан мен Әзербайжанның сыртқы саяси ведомстволарының кадрлық саясатына, соның ішінде дипломаттарды іріктеу рәсімдерін жетілдіру және олардың кәсіби даярлығына ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында сондай-ақ тараптар дипломатиялық өкілдіктер қызметін қаржылық қамтамасыз ету мен бюджеттік жоспарлаудың негізгі аспектілерін және дипломатиялық қызмет қызметкерлерін ынталандыру тетіктерін талқылады.

Сапар қорытындысы бойынша тараптардың ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, тәжірибе алмасуды жүйелі түрде дамытуға және сыртқы саяси ведомстволар желісі бойынша бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілігі расталды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны