06.02.2026, 11:18 1731

Қазақстан СІМ-де қазақ-грек ынтымақтастығының перспективалары талқыланды

Қазақстан СІМ-де қазақ-грек ынтымақтастығының перспективалары талқыланды
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Грек Республикасының жаңадан тағайындалған Елшісі Антония Кацурудан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

А.Исетов Грекияның Қазақстан үшін Жерорта теңізі өңіріндегі маңызды серіктестердің бірі екенін атап өтіп, Астана мен Афины арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайындықтарын растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны