05.02.2026, 11:11 1941
Қазақстан СІМ басшысы маңызды минералдар жөніндегі конференцияға қатысты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың шақыруымен алғашқы маңызды минералдар жөніндегі конференцияға қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
50-ден астам елдің өкілдері мен қазақстандық тау-кен компанияларының басшылары қатысқан іс-шарада АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс сөз сөйледі.
Іс-шара барысында маңызды пайдалы қазбалардың жаһандық жеткізу тізбектерін әртараптандыру және нығайту, сондай-ақ оларды өндіру, өңдеу және логистика салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.
Отырыстың шеңберінде Е.Көшербаев қатысушыларды маңызды минералдар саласындағы Қазақстанның әлеуеті және елдің сенімді әрі тұрақты жаһандық жеткізу тізбектерін қалыптастыруға практикалық үлес қосуға дайындығы туралы хабардар етті. Ол Қазақстанның минералдық-шикізаттық ресурстарының ауқымды қорына, оларды өңдеу бойынша дамыған өнеркәсіптік базасына, заманауи инфрақұрылымына, тұрақты саяси жүйесіне және болжамды реттеуші ортаға ие екенін атап өтті.
Қазақстан Геологиялық қызметінің (USGS) тізбесіне енгізілген 60 маңызды минералдың 20-сы бойынша дайын өнім түрінде жеткізілімдерді қамтамасыз етуге қабілетті екені аталып өтті, бұл өнімдер әлемдік экономиканың стратегиялық салаларында жоғары сұранысқа ие.
Қазақстан мен АҚШ арасында маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыруға ерекше назар аударылды. Аталған құжат Мемлекет басшысының 2025 жылғы қарашада Вашингтонға жасаған сапарының қорытындысы бойынша қол қойылған және Орталық Азиядағы осындай форматтағы алғашқы келісім болып табылады. Меморандум Қазақстан аумағында өңдеу қуаттарын дамыту, технологиялар трансферті және қазақстандық өнімнің АҚШ нарығына қолжетімділігін кеңейтуді көздейді.
Конференцияға G7 елдері мен Pax Silica бастамасына қатысушы мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволары мен салалық құрылымдарының 30-дан астам басшылары, сондай-ақ жетекші халықаралық компаниялардың өкілдері қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
09.02.2026, 17:27 981
Кувейтте Қазақстанның цифрлық жетістіктері таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Кувейттегі Елшісі Ержан Елекеев Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің делегациясымен бірлесіп "Digital Cooperation Organization (DCO)" ұйымының 5-ші Бас ассамблеясы мен Халықаралық цифрлық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Цифрлық экономиканың болашағына арналған тақырыптық панель аясында Е.Елекеев Қазақстанның цифрлық трансформация нәтижелерін таныстырды. БҰҰ-ның 2024 жылғы электрондық үкіметті дамыту индексіне сәйкес Қазақстан әлемнің 193 мемлекеті арасында 24-орынды иеленіп, электрондық үкіметтің дамуы өте жоғары елдер тобына кіреді, ал онлайн қызметтер көрсеткіші бойынша әлемде 10-орында тұр.
Қазақстанның цифрландыруға экономикалық инфрақұрылымның негізгі элементі және бәсекеге қабілеттілікті арттыру құралы ретінде қарайтын стратегиялық тәсілі аталып өтті. Платформалық электрондық үкіметті дамыту, проактивті мемлекеттік қызметтерді енгізу және азаматтар мен бизнес үшін цифрлық шешімдерді кеңейту бойынша қабылданып жатқан шаралар таныстырылды.
Сонымен қатар Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан жеделдетілген цифрлық трансформацияның үш жылдық кешенді бағдарламасы туралы ақпарат берілді. Бағдарлама жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту, деректерді өңдеу орталықтарын салу, есептеу қуаттарын кеңейту және кадрлар даярлауды қамтиды.
Қазақстан электрондық үкімет, жасанды интеллект, цифрлық сервистер және киберқауіпсіздік салаларында "Digital Cooperation Organization" ұйымына мүше елдермен практикалық тәжірибе алмасуға дайын екенін растады.
Өткен іс-шаралар аясында Қазақстанның "Digital Cooperation Organization" ұйымына қосылу мәселесі де талқыланды. Осылайша, қазақстандық делегацияның DCO іс-шараларына қатысуы цифрландыру саласындағы халықаралық серіктестікті нығайтуға және ұлттық технологиялық даму тәжірибесін халықаралық деңгейде ілгерілетуге бағытталған маңызды қадам болды.
Digital Cooperation Organization ұйымы 16 мемлекет-қатысушыны біріктіреді және цифрлық экономиканы дамыту мен технологиялық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша негізгі халықаралық платформалардың бірі болып табылады. Іс-шараларға ұйымға мүше мемлекеттердің ақпараттық технологиялар мен цифрландыру салаларына жетекшілік ететін министрлері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.02.2026, 16:24 31
Қазақстанның конституциялық реформалары Румыния Парламентінде талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Ерлік Әли Румыния Парламентінің Сенаторы, "Қазақстан-Румыния парламентаралық достастық" тобының төрағасы Кристиан-Августин Никулеску-Цыгырлашпен Қазақстан Конституциясының жаңа жобасына және жалпы конституциялық реформаға қатысты кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
К.Никулеску-Цыгырлаш Конституцияның жаңа жобасы мен жалпы конституциялық реформаны мемлекет институттарын жаңғыртудың маңызды құралы ретінде бағалады. Оның пікірінше, қазіргі саяси, экономикалық және технологиялық өзгерістер жағдайында негізгі заң қоғамның жаңа қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс, ал реформа билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтіп, құқықтық айқындықты арттыруға бағытталуы керек.
К. Цыгырлаштың ойы бойынша Румыния үшін мұндай реформаның басты пайдасы - мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және азаматтардың мемлекетке деген сенімін күшейту.
Сенатор конституциялық нормаларды нақтылау сот тәуелсіздігін нығайтуға, сайлау процестерінің ашықтығын қамтамасыз етуге және негізгі құқықтар мен бостандықтарды қазіргі заман талаптарына сай қорғауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.02.2026, 23:20 1351
Грекия Парламентінде Қазақстандағы конституциялық реформалар талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грекия Парламентінің Ұлттық қорғаныс және сыртқы істер жөніндегі Тұрақты комитетінің төрайымы, сондай-ақ Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясындағы Грекия делегациясының басшысы Дора Бакоянниспен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты дамыту, ЕКПА және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы шеңберіндегі өзара іс-қимылды, сондай-ақ сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады. Бұл ретте 2025 жылғы маусымда "Қазақстан-Грекия" парламенттік достық тобы делегациясының Астанаға жасаған сапарының қорытындыларына да назар аударылды.
Қазақстан Елшісі елде жүргізіліп жатқан ауқымды конституциялық реформалар туралы ақпарат берді. Аталған реформалар мемлекеттік басқарудың неғұрлым тиімді әрі ашық жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Олардың қатарында бір палаталы Парламентке көшу, Вице-президент институтын енгізу, сондай-ақ заң үстемдігін дәйекті түрде нығайту және азаматтардың іргелі құқықтарын қорғауды күшейту бар екені аталып өтті. Сонымен бірге Қазақстанның өзара сенім мен түсіністікті арттырудың, сондай-ақ шетелдік серіктестермен сындарлы диалогты ілгерілетудің маңызды құралы ретінде парламенттік дипломатияны дамытуға айрықша мән беретіні айтылды.
Өз кезегінде Д. Бакояннис Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан өзгерістермен қызығушылықпен танысты және парламенттік қызмет пен институционалдық реформалар мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды жалғастыруға мүдделілік білдірді. Сондай-ақ парламенттік құрылымдардың заң үстемдігі, демократия және адам құқықтарын қорғау қағидаттарын еуразиялық және еуропалық кеңістіктерде нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.
Бұдан бөлек, сұхбаттастар сауда мен инвестиция, көлік және логистика, энергетика, "жасыл" технологиялар, туризм және цифрландыруды қоса алғанда, басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтудің елеулі әлеуетін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстандағы грек диаспорасының екі халық арасындағы "тірі достық көпірі" ретіндегі рөлі жеке талқыланып, оның елдің қоғамдық, мәдени және білім беру өміріне қосып отырған үлесі жоғары бағаланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ЕКПА мен ЕҚЫҰ ПА алаңдарын қоса алғанда, халықаралық парламенттік платформаларда іс-қимылды үйлестіруді жалғастыруға, сондай-ақ Қазақстан мен Грекия арасындағы саяси және гуманитарлық диалогты дамытуға бағытталған өзара сапарлар мен тақырыптық іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесуге ниетті екендерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.02.2026, 22:18 1971
Қытай Парламенті Қазақстандағы конституциялық реформалар туралы хабардар етілді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы (БХӨЖ) Тұрақты комитеті Кеңсесінің Сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ван Вэньмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар қазақ-қытай парламентаралық ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылап, оның екіжақты саяси диалогын нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасы Парламенті мен БХӨЖ деңгейіндегі алмасулардың белсенділігіне оң баға берілді.
Ш.Нұрышев қытай тарапын Қазақстанда талқыланып жатқан, мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға және мемлекеттік институттарды нығайтуға бағытталған конституциялық реформалар туралы, оның ішінде бірпалаталы парламент құру мәселесі жөнінде хабардар етті.
Өз кезегінде Ван Вэнь БХӨЖ-дің жыл сайынғы сессиясын өткізуге дайындалып жатқанын атап өтті. Аталған сессияда 14-ші бесжылдықтың іске асырылуы қорытындыланып, 15-ші бесжылдықтың (2026-2030 жж.) жоспары қабылданатынын жеткізді. Ол БХӨЖ-дің халықаралық байланыстарды кеңейтуге және ҚХР заң шығарушы органының жұмыс тәжірибесімен алмасуға дайын екенін білдірді.
Тараптар екіжақты және көпжақты өзара іс-қимыл мәселелері, оның ішінде "Орталық Азия - Қытай" форматы бойынша да байланыстарды одан әрі нығайтуға және сындарлы диалогты жалғастыруға өзара мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.02.2026, 22:10 851
Қазақстан "Қытайға экспорт" бастамасының негізгі тақырыптық серіктесінің бірі атанды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Коммерция министрлігі мен Бейжің қаласының халық үкіметі ұйымдастырған "Ортақ үлкен нарық - Қытайға экспорт" сериясының аясындағы 2026 жылғы алғашқы іс-шараға қатысты. Аталған іс-шараға қазақ тарапының қатысуы Қытай тарапы жүзеге асырып отырған импортты кеңейтуге және сыртқы сауданың ашық моделін дамытуға бағытталған бастамасына Қазақстанның жоғары деңгейде тартылғанын айқын көрсетті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға ҚХР Коммерция министрі Ван Вэньтао, Бейжің қаласының мэрі Инь Юн, сондай-ақ Ұлыбритания, Португалия, Кения, Таиланд және Финляндия елдерінің елшілері, дипломатиялық корпус өкілдері, іскер топтар, салалық мемлекеттік органдары, Қытай және шет мемлекеттердің бизнес қауымдастығынан 150-ден астам өкіл қатысты.
ҚХР Коммерция министрі Ван Вэньтао өз сөзінде "Қытайға экспорт" бастамасы Қытай экономикасының ашықтығын одан әрі кеңейтуге, импорт көлемін белсенді арттыруға және сыртқы сауданың неғұрлым теңгерімді әрі орнықты моделін қалыптастыруға бағытталған практикалық құрал екенін атап өтті. 2026 жылы осы серия аясында жекелеген елдерді тақырыптық серіктес ретінде тарта отырып, 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланып отырғаны айтылды. Бұл өз кезегінде халықаралық сұраныс пен ұсынысты тиімді ұштастыруға, сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге және Қытай нарығына сапалы шетелдік тауарлар мен қызметтердің шығуы үшін қосымша мүмкіндіктер қалыптастыруға ықпал етпек.
Бейжің қаласының мэрі Инь Юн өз сөзінде Бейжің Қытайдағы ірі тұтыну нарықтарының бірі әрі халықаралық сауда мен қызмет көрсету орталығы ретінде импортты ілгерілетуде, іскерлік ортаны жетілдіруде және шетелдік компаниялардың қызметі үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыруда алдағы уақытта да маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Оның айтуынша, бастаманы іске асыру Қытай нарығын жаһандық деңгейде ашық әрі қолжетімді платформаға айналдыруға, Қытай мен шет мемлекеттер арасындағы практикалық сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған.
Іс-шараның аясында шет мемлекеттердің ұлттық және корпоративтік экспозициялары ұсынылған көрме аймағы ұйымдастырылды. ҚХР Коммерция министрі Ван Вэньтао және Бейжің қаласының мэрі Инь Юн Қазақстанның павильонын аралап, онда ұсынылған қазақстандық экспорттық өнім үлгілерімен танысты. Қазақстанның Елшісі елдің экспорттық әлеуетін таныстырып, қазақстандық тауарлардың бәсекелік артықшылықтарын атап өтіп, аталған бастаманың аясында Қытай нарығына жеткізілімдерді кеңейтуге дайын екенін атап өтті.
ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цян 2025 ж. қарашада өткен 8-ші Қытай халықаралық импорт көрмесінің барысында "Ортақ үлкен нарық - Қытайға экспорт" бастамасын алғаш рет жариялаған. 2026 жылы Қазақстан Еуразия өңірі бойынша жалғыз "тақырыптық ел" мәртебесіне ие болды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы "тақырыптық ел" мәртебесі Ұлыбритания, Испания, Кения және Таиланд мемлекеттеріне де берілді. Бұл қытай тарапының аталған елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге басымдық беріп отырғанын көрсетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.02.2026, 21:16 646
Еуропадағы ең ірі баскетбол жарысында Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Еуропадағы ең ауқымды спорттық оқиғалардың бірі - Белградтың "Партизан" және Афинаның "Панатинаикос" клубтары арасындағы баскетбол Еуролигасының матчы аясында Қазақстанның туристік әлеуеті, сондай-ақ, Астана-Белград тікелей әуе рейсінің жуырдағы ашылуы таныстырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанның Сербиядағы Елшілігінің бастамасымен "Белград Аренада" өткен матчта жиналған 18 мың көрерменнің арасында интерактивті акция ұйымдастырылып, кездейсоқ таңдалған жанкүйерлер "Партизан" клубы ұсынған айып добын лақтыру конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Ойын жеңімпазына арналған жүлдені - Қазақстанға екі адамға арналған туристік сапар сертификатын Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов табыс етті. Жеңімпазды құттықтай отырып, қазақстандық дипломат көпмыңдық аудиторияны Қазақстанға саяхаттауға шақырды.
Конкурс атмосферасын аренаның экрандарында көрсетілген "Born Bold Kazakhstan" туристік роликтері, қазақстандық SCAT Airlines әуе компаниясы ашқан Астана-Белград тікелей рейсінің промобейнежазбасы, сондай-ақ баскетбол жанкүйерлеріне "Born Bold Kazakhstan" жазуы бар футболкалар мен бейсболкаларды таратқан қазақтың ұлттық киіміндегі қыздар ерекше айшықтай түсті.
Баскетбол Еуролигасы танымалдылығы мен медиа қамтуы бойынша құрлықтағы спорттық жарыстар арасында екінші орында тұр. Еуролиганың тұрақты маусымы әлемнің 199 елінде көрсетіледі, теледидар аудиториясы 1 млрд. астам көрерменді құрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.02.2026, 21:08 591
Қазақстан мен Молдова парламентаралық ынтымақтастықты нығайту бағытын растады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Парламенті Төрағасының орынбасары Влад Батрынчамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында таратар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері бойынша мазмұнды пікір алмасты.
Тараптар Қазақстан мен Молдова арасаындағы қатынастардың сындарлы бағытта дамып келе жатқанын растап, парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге және нығайтуға өзара мүдделілік білдірді.
Елші 2025 ж. Молдованың Астанадағы Елшілігінің ашылуының маңыздылығын, сондай-ақ Молдова Вице-премьері - Сыртқы істер министрі М.Попшойдың Қазақстанға жасаған ресми сапарын атап өтті.
Кездесу барысында Қазақстандағы саяси және экономикалық өзгерістердің қазіргі барысы туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент қызметінің тиімділігін арттыруға және өкілді билік институттарын дамытуға бағытталған бастамалары сөз болды. Институционалдық жаңғыртудың ықтимал бағыттарының қатарында парламенттік модельді оңтайландыру, оның ішінде бір палаталы форматты қарастыру мәселесі бар. Осы мақсатта арнайы комиссия құрылған.
Қазақстандағы ауқымды конституциялық реформаның маңызды элементтерінің бірі ретінде ел Конституциясының жаңартылған нұсқасының алғашқы жобасының ұсынылғаны аталып өтті.
Вице-спикер Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын қолдайтынын білдіріп, олардың демократиялық институттарды нығайту және мемлекеттік басқару жүйесінің орнықтылығын арттырудағы маңызын атап өтті.
Кездесу барысында Қазақстанның мемлекеттік саясатына, сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамыту саласындағы қол жеткізген нәтижелерге ерекше назар аударылды. А.Айдарбеков заманауи нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру, цифрлық инфрақұрылымды дамыту, кадрларды даярлау, сондай-ақ мемлекеттік басқару, экономика және әлеуметтік салада жасанды интеллектке негізделген шешімдерді енгізу жөнінде атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.
В.Батрынча Молдова тарапының екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға қызығушылығын атап өтті. Молдова ауыл шаруашылығы, фармацевтика және сауда салаларында, сондай-ақ цифрландыру мен инновациялық технологияларды қоса алғанда, бірқатар перспективалы бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Молдова ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік танытып, тұрақты парламентаралық диалогты сақтаудың маңыздылығын растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.02.2026, 20:13 436
Шаңхайдың талдау орталықтары Қазақстанның "ғылыми-талдау орталықтарымен" ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Шаңхай қаласындағы Бас консулы Нұрлан Аққошқаров Шаңхай қоғамдық ғылымдар академиясының (ШҚҒА) вице-президенті Гань Чуньхуэймен, ШҚҒА Халықаралық қатынастар институты директорының орынбасары Лю Аминмен және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Чэн Фуцаймен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар ғылыми-академиялық саладағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Қазақстан мен Қытайдың ғылыми қауымдастықтары, әсіресе Шаңхай қаласының ғылыми-талдау орталықтары арасындағы байланыстарды кеңейту мен нығайтуға өзара мүдделі екені аталып өтті.
Бас консул қытай тарапын Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы хабардар етті. Атап айтқанда, 2025 жылғы қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдау барысында және 2026 жылғы қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында көтерілген бастамаларға тоқталды. Қазақстанда тағдыршешті шешімдердің жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданатыны мәлім етілді.
ШҚҒА өкілдері Қазақстандағы саяси жүйені жаңғырту үдерістеріне және елдің экономикалық жетістіктеріне жоғары баға беріп, ҚР мен ҚХР арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті нығайтудың маңыздылығын атады. Қытайлық ғалымдар Қазақстанның "Бір белдеу, бір жол" мегажобасын ілгерілетудегі үлесін жоғары бағалады. Осыған орай, тараптар қытайлық бастаманы Транскаспий халықаралық көлік бағытымен ұштастырудың өзектілігін атап өтті.
Шаңхайдың ғылыми-талдау орталықтары өңірдегі, әсіресе Орталық Азиядағы Қазақстанның маңызды рөлін атап, жаһандық және өңірлік үдерістерді кешенді талдау мақсатында ғылыми қауымдастықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін білдірді. Тараптар ШҚҒА сарапшылары мен қазақстандық ғылыми-талдау орталықтары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыруға қызығушылық танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, соның ішінде 2026 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен Шаңхай ынтымақтастық ұйымының құрылғанына 25 жыл толуына орай бірлескен "дөңгелек үстел" өткізуге келісті.
Сонымен қатар ғалымдар мен зерттеушілер алмасуын кеңейту, академиялық сапарлар ұйымдастыру, бірлескен ғылыми-зерттеу бастамаларын іске асыру, сондай-ақ ортақ ғылыми және талдамалық еңбектерді әзірлеу мүмкіндіктері талқыланды.
ШҚҒА 1958 жылы құрылған және ҚХР жетекші ғылыми институты мемлекеттік құрылымдарға зерттеулер әзірлейтін беделді ғылыми-талдау орталығы болып табылады. Академия құрамына саясат, экономика, құқық, халықаралық қатынастар, әлеуметтану т.б. бағыттар бойынша 17 ғылыми-зерттеу институттары кіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
09.02.2026, 09:39Электросамокаттар көлік құралы ретінде танылады: полиция мен бизнес өкілдері алдағы өзгерістерді талқылады 09.02.2026, 16:24 241Қазақстанның конституциялық реформалары Румыния Парламентінде талқыланды09.02.2026, 17:27 166Кувейтте Қазақстанның цифрлық жетістіктері таныстырылды
04.02.2026, 17:15 190016Қазақстан мен Сербия құқықтық ынтымақтастықты нығайтуда04.02.2026, 19:21 189941Ташкентте Ауғанстанмен ынтымақтастық мәселелері талқыланды04.02.2026, 18:18 189911Словенияның фармацевтика көшбасшылары Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуда04.02.2026, 21:28 188751Саарбрюккен қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды04.02.2026, 20:24 188676Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен келіссөз жүргізді
14.01.2026, 19:10 229791Алматы мектептері жаңа платформада қалады: сот Kundelik-тің өтінішін қанағаттандырмады14.01.2026, 18:06 226146Kundelik төңірегіндегі дау: Алматы мектептері жаңа платформада жұмысын жалғастырып жатыр21.01.2026, 10:52 217026Қазақстанда заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі регламенттеледі21.01.2026, 11:19 216941Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнама жетілдірілуде21.01.2026, 09:49 2156062025 жылы қазақстандықтарға 806 млрд теңгеден астам сомада бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді

