02.04.2026, 11:22 7836

Қазақстан су саласындағы халықаралық әріптестікті кеңейтуде

Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Ғаламдық су ұйымы негізін қалаушы тобының басшысы Фахд Балғунейммен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сұхбат барысында тараптар су қауіпсіздігі, су ресурстарын тиімді пайдалану, сондай-ақ су шаруашылығы саласында заманауи технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.

Қазақстан Елшісі халықаралық ұйымдармен әріптестікті нығайту жаһандық су сын-қатерлерін еңсеруде маңызды екенін атап өтіп, тәжірибе алмасуға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін растады.

Ғаламдық су ұйымының өкілдері Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдіріп, елдің су дипломатиясы саласындағы бастамаларды ілгерілетудегі белсенді рөлін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын пысықтауға уағдаласты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны