11.06.2026, 20:23 1436

Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Канада Елшісін қабылдады

Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Канада Елшісін қабылдады
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кристофер Дагганды қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Тараптар Қазақстан мен Канада арасындағы саяси, сауда-экономикалық және шарт-құқықтық салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Жоғары денгейдегі байланыстарға және көпжақты форматтағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара әрекеттестікті кеңейту бойынша күш-жігерді жалғастыруға келісті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны