28.04.2026, 21:51 3271

Қазақстан және ЕҚЫҰ ДИАҚБ демократиялық реформалар саласындағы диалогты жалғастыруға дайындығын растады

Қазақстан және ЕҚЫҰ ДИАҚБ демократиялық реформалар саласындағы диалогты жалғастыруға дайындығын растады
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Астанаға ресми сапармен келген ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросының директоры Мария Телалианмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Келіссөз барысында Қазақстанның ЕҚЫҰ ДИАҚБ-мен демократиялық институттарды нығайту, сайлау процестерін жетілдіру, құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету және адам құқықтарын қорғау салаларындағы одан әрі ықпалдастықтың перспективалары қаралды. Тараптар 15 наурызда өткен республикалық референдумның қорытындыларына, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына ерекше назар аударды. Бұл елдің саяси жүйесін одан әрі демократияландыру және жаңғырту процесіндегі маңызды кезең болғаны аталып өтті.

Министр Қазақстан тарапының сайлау заңнамасын жетілдіру, азаматтық қоғам институттарын дамыту және адам құқықтарын қорғау механизмдерін нығайту мәселелері бойынша ЕҚЫҰ ДИАҚБ-мен конструктивті диалогты жалғастыруға дайындығын атап өтті.

Өз кезегінде М. Телалиан қазақстандық тарапқа жылы қабылдауы үшін алғысын білдірді. Ол Бюроның алдағы уақытта да сараптамалық, құқықтық және техникалық қолдау көрсетуге, сондай-ақ демократиялық реформалар мен сайлауды мониторингтеу саласындағы үздік тәжірибелермен алмасуға дайын екенін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыруға өзара мүдделіліктерін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны