17.06.2026, 14:42 14141

ЕАЭО мен БАӘ преференциялық сауда аймағын құрмақ

Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Келісім қазақстандық тауарларды Біріккен Араб Әмірліктері нарығына шығаруға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, тараптар тауар номенклатураларының кемінде 85%-ы бойынша тарифтік ырықтандыруға (импорттық кедендік баждарды алып тастауға) келісті. Сонымен қатар, Әмірліктер тарапы 6757 тауарлық позицияға (86,0%) преференциялар ұсынады. Оның ішінде 6565 позиция бойынша импорттық кедендік баж мөлшерлемелері нөлге дейін төмендетіледі, ал 192 тауарлық позиция бойынша ЕАЭО елдерінен бажсыз импорттауға арналған тарифтік квоталар белгіленеді.

Осылайша, БАӘ тарапы 6757 тауарлық позицияға (86,0%) преференциялар береді: 6565 позиция бойынша импорттық кедендік баж мөлшерлемелерін нөлге дейін төмендету арқылы, ал 192 тауарлық позиция бойынша ЕАЭО елдерінен бажсыз әкелуге тарифтік квоталар белгілеу арқылы", - деп мәлімдеді Мәжілісте.


Ратификацияланған келісім Біріккен Араб Әмірліктерімен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің берік негізіне айналмақ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны