17.06.2026, 14:34 6866

Орталық Азия елдері БҰҰ Жарғысына қол қою мерейтойына арналған "UN80" іс-шарасына қатысты

Орталық Азия елдері БҰҰ Жарғысына қол қою мерейтойына арналған "UN80" іс-шарасына қатысты
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдері БҰҰ Жарғысына қол қою мерейтойына арналған "UN80" іс-шарасына қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Іс-шара барысында БҰҰ Бас Ассамблеясының Төрағасы Анналена Бербок мүше мемлекеттерді Жарғының кіріспесінде бекітілген негізгі идеялар мен құндылықтарды бейнелейтін символикалық құжатқа қол қою арқылы БҰҰ Жарғысына деген бейілділігін қайта растауға шақырды.

Орталық Азия мемлекеттері бұл бастамаға бірлесіп қосылған алғашқы өңірлік топ болды. Бұл өңір елдерінің БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына, көпжақтылыққа, өзара тиімді ынтымақтастыққа және халықаралық құқыққа ортақ бейілділігінің айқын көрінісі болды.

БҰҰ Жарғысы күні жыл сайын 26 маусымда атап өтіледі. Бұл күн 1945 жылғы 26 маусымда Сан-Франциско қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысына қол қойылуының құрметіне белгіленген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны