02.06.2026, 11:58 60171

Павлодар облысында индустриалды парк салу жоспарлануда

Павлодар облысында индустриалды парк салу жоспарлануда
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов және "Xinfa Group" Басқарма төрағасының орынбасары Чжао Тинъюньмен кездесу өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар Павлодар облысында индустриалды парк салу жобасын іске асыру мәселесін талқылады. Жоспарланып отырған инвестиция көлемі 15 млрд АҚШ долл. құрайды, ал құрылатын жұмыс орындарының саны 10 мыңға жетеді.

Келіссөздер барысында Ғ.Оспанқұлов мемлекеттік қолдау шаралары, салық жеңілдіктері және еліміздің инвестициялық ахуалының артықшылықтары туралы ақпарат берді.

Xinfa Group өкілдері индустриалды парк бокситтерді өңдеуге, алюминий, электролиттік мыс, сода күлі, көміртекті материалдар, фторхимиялық өнімдер және экологиялық таза құрылыс материалдарын өндіруге маманданатын болады. Сондай-ақ электр станциялары (ГРЭС), көмір химиясына және энергетикалық инфрақұрылым салаларындағы жобаларды дамыту мүмкіндігі қарастырылуда.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара қызығушылықтарын растады және Павлодар облысында индустриалды парк салу жөніндегі инвестициялық жобаның жоғары әлеуетін атап өтті.

Xinfa" компаниялар тобы - электр энергиясын өндіру, жылумен қамту, алюминий тотығын өндіру, электролиттік алюминий, алюминийді терең өңдеу, поливинилхлорид, каустикалық сода және экологиялық таза құрылыс материалдарын өндіру, сондай-ақ заманауи ауыл шаруашылығы сияқты салаларды қамтитын заманауи, ірі өнеркәсіптік холдинг.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны