18.06.2026, 19:49 1116
Словакияда еліміздегі әйелдер құқықтарын ілгерілету мәселелері талқыланды
Сурет: СІМ
Достарға айту
Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Словакия әйелдер қауымдастығының төрайымы Моника Дюреховамен кездесу өткізіп, Қазақстандағы әйелдерді қолдау шаралары мен гендерлік теңдік мәселелері талқылады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асырылып жатқан әйелдерді қолдауға бағытталған реформалар туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, әйелдердің елдің қоғамдық-саяси өміріндегі рөлін арттыру, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, сондай-ақ әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды.
М.Дюрехова Қазақстанда әйелдерді жан-жақты қолдауға және олардың мемлекеттік басқару саласындағы басшылық қызметтерге ілгерілеуіне бағытталған мемлекеттік саясатқа жоғары баға берді.
Қауымдастық басшысы елде қабылданған гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту жөніндегі заңдардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ол Қазақстан Парламенті құрамындағы әйелдердің үлесі 18 пайызды құрайтынын жоғары бағалап, бұл көрсеткішті әйелдердің саяси белсенділігін арттыру жолындағы елеулі жетістік ретінде бағалады.
Өз кезегінде М.Дюрехова ұйымының басым бағыттарымен таныстырды. Аталған ұйым Словакия қоғамындағы әйелдердің ықпалын арттыруға белсенді түрде атсалысып, қайырымдылық және гуманитарлық қызмет жүргізеді, соның ішінде мұқтаж отбасыларға, әйелдер мен балаларға көмек көрсетеді.
Тараптар әйелдер құқықтарын ілгерілету мәселелері бойынша тәжірибе және озық практикалар алмасудың маңыздылығын атап өтіп, өзара байланыстарды одан әрі дамытуға қызығушылық білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
18.06.2026, 19:53 636
Астана әзербайжандық пациенттер үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда
Достарға айту
Бакуда өткен Астана қаласының медициналық туризміне арналған халықаралық роуд-шоуға Қазақстан мен Әзербайжанның жетекші медициналық ұйымдарының, туристік саласының және екі елдің кәсіби қоғамдастығының өкілдері қатысты. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігінің және Әзербайжанның Медициналық және термалды туризмді қолдау қауымдастығының қолдауымен Astana Tourism туризмді дамыту орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел роуд-шоудың Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы денсаулық сақтау және медициналық туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды алаңына айналғанын атап өтті. Іс-шараның басты мақсаты - Қазақстан астанасының заманауи медициналық қызметтерін халықаралық нарықта таныту, екі елдің клиникалары мен туристік компаниялары арасындағы серіктестік байланыстарды дамыту, сондай-ақ шетелдік пациенттерді Астанада емделуге тарту.
Іс-шара барысында елорданың жетекші медициналық ұйымдары өз жетістіктерін таныстырып, диагностика мен емдеудің озық әдістері туралы баяндап, сондай-ақ бүгінгі таңда Астана медицинасының қолданысындағы жоғары технологиялық шешімдерді көрсетті.
Бүгінде Астана Орталық Азиядағы медициналық туризмнің жетекші орталығы ретіндегі мәртебесін сенімді түрде нығайтып келеді. Елордамызда Joint Commission International (JCI) халықаралық стандарттарына сәйкес аккредиттелген 9 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Бұл медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін растайды.
Нейрохирургия, онкологиялық ауруларды емдеу, балаларды оңалту, репродуктивті медицина және эстетикалық хирургия бағыттары қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Дәл осы салалар бүгінде Әзербайжаннан келетін пациенттер арасында ең жоғары сұранысқа ие бағыттардың қатарында.
Астана қаласы делегациясының құрамында Балаларды оңалту ұлттық орталығы, Ұлттық нейрохирургия орталығы, Ұлттық ғылыми онкология орталығы, Ecomed репродуктивті медицина және Tulip Medicine пластикалық хирургия клиникаларының өкілдері болды. Олар өз мүмкіндіктерін таныстырып, әзербайжандық әріптестерімен бірлескен жұмыстың перспективаларын талқылады.
Роуд-шоу бағдарламасы Астана қаласының медициналық ұйымдарының таныстырылымдарын, екі елдің медицина қауымдастығы өкілдері арасындағы B2B кездесулер, сондай-ақ медициналық туризм саласындағы серіктестікті одан әрі дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімін қамтыды.
Іс-шараның жалғасы ретінде 17 маусым күні Баку тұрғындары үшін Citomed клиникасының базасында тегін алғашқы консультациялар ұйымдастырылды. Астаналық жетекші мамандар пациенттерді қабылдап, диагностика және емдеу мәселелері бойынша кәсіби кеңес алу мүмкіндігін ұсынды.
Бакуда өткен халықаралық роуд-шоу Астана қаласының медициналық туризмін дамыту стратегиясын іске асырудағы және елордамызды сапалы әрі жоғары технологиялық медициналық көмектің халықаралық орталығы ретінде ілгерілетудегі кезекті маңызды қадам болды. Осындай бастамаларды дамыту Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашып, өңір тұрғындарының әлемдік деңгейдегі заманауи медициналық технологияларға қолжетімділігін кеңейтуге ықпал етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 17:38 3281
Қазақстан БҰҰ-ның өңірлік хабына айналып келеді
Достарға айту
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының өңірлік хабы ретінде қарқынды қалыптасып келеді. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Алматыда өткен БҰҰ-ның Жаһандық орталығының ашылуы және БҰҰ-ның Өңірлік орталығының алдағы іске қосылуына байланысты Kazakhstan Today тілшісінің сұрағына берген жауабында мәлім етті.
Бүгінде Алматыда 60-тан астам халықаралық ұйым жұмыс істейді. Бұл Қазақстанның халықаралық ұйымдар үшін өңірлік орталыққа айналып келе жатқанын көрсетеді. Біз бұл үрдісті жан-жақты қолдаймыз", - деді Ермек Көшербаев.
Министрдің айтуынша, Қазақстанның халықаралық ұйымдар орналасатын алаң ретіндегі рөлінің артуы елдің түрлі халықаралық бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Әрбір халықаралық бағдарлама оған қатысушы мемлекеттерге көмек көрсетуге бағытталған", - деп атап өтті министр.
Сондай-ақ, Ермек Көшербаев халықаралық құрылымдардың Алматыда орналасыуының артықшылықтарын атап өтті. Оның айтуынша, қаланың халықаралық орталық ретінде қалыптасуына дамыған инфрақұрылым, қауіпсіздік деңгейінің жоғары болуы және тиісті қызметтердің қолжетімділігі ықпал етеді.
Естеріңізге сала кетсек, кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда БҰҰ-ның Өңірлік орталығын құру туралы заңға қол қойған болатын.
Сондай-ақ, бұған дейін Алматыда Орталық Азиядағы БҰҰ Жаһандық шартының алғашқы өңірлік кеңсесі ашылғаны хабарланған еді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 16:22 4931
18-20 маусымда елімізге Черногория Президенті келеді
Астанада 19 маусымда мемлекет басшыларының келіссөздері өтеді
Достарға айту
18-20 маусымда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен Черногория Президенті Яков Милатович Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорда.
19 маусымда жоғары деңгейдегі өтетін келіссөздер барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтудің перспективаларын талқылайды", - деп көрсетілген ресми хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 14:01 7156
Қазақстан мен Хаиль арасындағы ынтымақтастық жаңа қарқын алды
Сурет: СІМ
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Хаил провинциясына сапары барысында өңір басшылығымен және іскерлік топ өкілдерімен бірқатар маңызды кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Хаил провинциясының губернаторы ханзада Әбделазиз бен Саад бен Әбделазиз Әл Саудпен келіссөздерде екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі саяси-экономикалық байланыстар атап өтіліп, өңіраралық кооперацияны тереңдету мәселелері талқыланды. Тараптар инвестициялық және ауыл шаруашылығы салаларындағы әлеуетті жобаларды бірлесе жүзеге асыру мүмкіндіктеріне баса назар аударды. Өңірлік даму басқармасының басшысы Омар бен Абдулла әл-Абдулжаббармен кездесу барысында провинцияның инфрақұрылымдық және урбанистік даму жоспарлары қаралды. Тараптар логистика, тау-кен, "ақылды қала" технологиялары және туризм салаларында тәжірибе алмасу жайын сөз етті.
Сонымен қатар Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының орынбасары Әли бен Бандар әл-Судайримен екіжақты сауда-саттық көлемін арттыру жолдары талқыланды. Кездесуде бірлескен іс-шаралар, В2В кездесулерін ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты мен импортын дамыту мәселелері ортаға салынды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша, Хаил провинциясының басшылығымен инвестициялық серіктестік пен агроөнеркәсіптік кооперацияны іс жүзіне асыру мақсатында тұрақты жұмыс деңгейіндегі байланыстарды орнату жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 13:53 7396
Қазақстан цифрландыру және инвестиция саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Кувейт Мемлекетінің Ақпараттық технологиялар жөніндегі орталық агенттігінің (CAIT) Бас директорының міндетін атқарушы Наджат Хусейн Ибрахиммен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Елшісі кувейттік тарапты елімізде жүзеге асырылып жатқан цифрлық даму реформаларымен таныстырып, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің құрылуы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің заманауи цифрлық экожүйесін қалыптастырудағы қол жеткізілген нәтижелер туралы айтты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, Қазақстанның БҰҰ-ның Электрондық үкіметті дамыту индексінде (UN E-Government Development Index) 193 мемлекет ішінде 24-орында тұрғаны және онлайн мемлекеттік қызметтердің даму деңгейі бойынша әлемдегі көшбасшы елдердің қатарына кіретіні аталып өтілді.
Елші сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғанын атап өтті. Осыған орай елімізде жасанды интеллектті дамытуға, цифрлық инфрақұрылымды жетілдіруге, IT-мамандарды даярлауға және мемлекеттік басқару мен экономикаға заманауи технологияларды енгізуге бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда.
Қазақстан тарапы азаматтар мен бизнеске мыңнан астам мемлекеттік қызметті электрондық форматта ұсынатын ұлттық электрондық үкімет жүйесінің мүмкіндіктерін де таныстырды. Бұл мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін қашықтан алуға мүмкіндік беріп, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың тиімділігін едәуір арттыруда.
Өз кезегінде кувейттік тарап мемлекеттік басқаруды цифрландыру және электрондық қызметтерді енгізу саласындағы Қазақстан тәжірибесін зерделеуге қызығушылық білдіріп, еліміздің осы бағыттағы жетістіктеріне жоғары баға берді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың нақты бағыттарын талқылау мақсатында жақын арада екі елдің бейінді ведомстволары арасында онлайн-кездесу ұйымдастыруға, сондай-ақ тәжірибе алмасу және практикалық өзара іс-қимылды дамыту мақсатында өзара сапарларды пысықтауға келісті.
CAIT (Central Agency for Information Technology) - мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау, электрондық үкіметті, ақпараттық технологияларды дамыту және ұлттық цифрлық стратегияны іске асыруға жауапты Кувейттің уәкілетті мемлекеттік органы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 13:16 8071
Қазақстан Словенияда бай мәдени мұрасын таныстырды
Сурет: СІМ
Достарға айту
Словения астанасында Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшілігінің бастамасымен, Шымкент қаласы әкімдігінің және словениялық серіктестердің қолдауымен қазақстандық "Қаған" және "Яссы" этно-фольклорлық және би ансамбльдерінің қатысуымен ұлттық мәдени іс-шаралар легі өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Жаз маусымының басталуындағы жарқын оқиғалардың бірі Люблянаның орталық алаңында өткен импровизациялық концерт болды. Бұл Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшілігі ашылғаннан кейін қазақстандық шығармашылық ұжымдардың елдегі алғашқы өнер көрсетуі ретінде ерекшеленді. Домбыра, қобыз, дауылпаз және басқа да ұлттық аспаптардың әуезді үні, дәстүрлі музыкалық шығармалар мен көз тартар ұлттық киімдер қала тұрғындары мен қонақтарына қазақ халқының бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Концерт словениялық көрермендердің, шетелдік туристердің және қазақ диаспорасы өкілдерінің зор қызығушылығын туғызып, олардың көпшілігі үшін Қазақстанның музыкалық дәстүрлері мен мәдениетімен алғашқы таныстыққа айналды.
Сол күні Люблянадағы тарихи-сәулет кешені - Križanke алаңында Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшілігінің қолдауымен Lions Club Ljubljana Iliria ұйымы дәстүрлі халықаралық қайырымдылық Midsummer Night (Kresna noč) кешін өткізді. Өзінің 25 жылдан астам тарихында алғаш рет Қазақстан аталған іс-шараның ұлттық мәдени серіктесі ретінде қатысты.
Іс-шараға Словения Президентінің жұбайы Алеш Мусар, дипломатиялық корпус өкілдері, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың басшылары, Словенияның іскерлік, қаржылық және өнеркәсіптік топтарының өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, қазақ диаспорасының мүшелері, сондай-ақ Любляна тұрғындары мен қонақтарын қоса алғанда 300-ден астам адам қатысты. Словения мемлекеті басшысының атынан сөз сөйлеген доктор Алеш Мусар Словения мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін және экономика, сауда, білім беру мен туризм салаларындағы ынтымақтастықтың оң серпінін атап өтті.
Мәдени бағдарламаның басты оқиғасы дәстүрлі қазақ музыкасы мен көне түркілік сарындарды үйлестіре білген "Қаған" және "Яссы" ансамбльдерінің өнер көрсетуі болды. Қонақтар Қазақстанның табиғи байлығы, тарихи-мәдени мұрасы және тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған фотокөрмені де тамашалады.
Іс-шара қатысушылары Қазақстанның туристік әлеуеті, заманауи дамуы, ұлттық тағамдары, мәдениеті мен дәстүрлерінің сан қырлылығын таныстырған бейнероликке ерекше қызығушылық танытты.
Кештің ерекше сәттерінің бірі белгілі словениялық кәсіпкер әрі меценат, Қазақстан Елшісінің Словениядағы экономика мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Янез Шкрабецке өзара құрмет пен достықтың белгісі ретінде дәстүрлі қазақ шапаны кигізілді. Қайырымдылық акциясынан түскен қаражат Шентвид-при-Стична қаласындағы балалар ауруханасының қамқорлығындағы балаларға қолдау көрсетуге бағытталды.
Өткен іс-шаралар Қазақстан мен Словения арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосып, Ұлы Дала мәдениеті мен дәстүрлерінің танымал болуына, сондай-ақ екі ел арасындағы достық байланыстардың одан әрі нығаюына ықпал етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 12:08 9256
Астанада Азияның өңірлік ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды
Сурет: kisi.kz
Достарға айту
Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) Хатшылығы ұйымдастырған Азия өңірлік ұйымдарының атқарушы құрылымдары басшыларының дөңгелек үстелі өтті. "Қауіпсіз әрі өзара байланысқан Азия үшін синергияны күшейту" тақырыбындағы іс-шара АӨСШК Хатшылығының құрылғанына 20 жыл толуына арналды, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының стратегиялық зерттеулер институтының баспасөз қызметінен.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың жаңа мүмкіндіктері мен бастамалардың қайталануын азайту жолдарын қарастыру мақсатында Азиядағы көпжақты ұйымдар мен форумдардың қызметі бойынша мазмұнды пікір алмасты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар БҰҰ жүйесіндегі ұйымдардың қызметі мен басымдықтарын, сондай-ақ олардың қазіргі әлемде кездесіп отырған сын-қатерлерін талқылауға ерекше назар аударды.
Сонымен қатар өңірлік және жаһандық тәуекелдер мен қауіп-қатерлердің артуы жағдайында Азия ұйымдарының атқарушы құрылымдары диалогты қолдау, сенімді нығайту және ынтымақтастықты дамыту бағытында қолданатын практикалық тәсілдер қарастырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 09:58 11891
Қазақстан СІМ-де дипломатиялық миссиясы аяқталатын Мажарстан Елшісін қабылдады
Сурет: СІМ
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Мажарстанның Қазақстандағы Елшісі Отто Иван Ронаны қабылдады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Қазақ дипломаты мажар әріптесіне екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған белсенді әрі нәтижелі қызметі үшін алғыс білдірді. Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін атап өткен А.Исетов Будапештпен орнықты әрі өзара тиімді байланыстарды сақтаудың маңыздылығына назар аударды.
Сіздің дипломатиялық қызметіңіз кезеңінде елдеріміз стратегиялық серіктестіктің орнатылғанына он жыл толуын атап өтті. Ашық диалог қағидаттарына сүйене отырып, мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды ілгерілете дамыту үшін алдағы уақытта да бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз қажет деп санаймын", - деді Министрдің орынбасары.
Елші О.Рона миссиясы барысында көрсетілген жан-жақты қолдау үшін қазақ тарапына алғысын білдірді. Мажар дипломаты өз елінің Қазақстанмен сындарлы диалогты одан әрі дамытуға және ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады.
Кездесу соңында А.Исетов мажар дипломатына сәттілік және алдағы барлық жоспарларының жүзеге асуын тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
18.06.2026, 11:31Елімізде шілде айында бірыңғай QR-код жүйесі іске қосылады 18.06.2026, 09:58 11766Қазақстан СІМ-де дипломатиялық миссиясы аяқталатын Мажарстан Елшісін қабылдады18.06.2026, 12:08 9066Астанада Азияның өңірлік ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды18.06.2026, 14:16 8011Қазақстанда денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізіледі18.06.2026, 13:16 7881Қазақстан Словенияда бай мәдени мұрасын таныстырды
12.06.2026, 20:00 132561Қазақстанның Сыртқы істер министрі Франция Елшісін қабылдады12.06.2026, 15:51 132131Корея Республикасының Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды12.06.2026, 21:12 131366Қазақстан СІМ басшысы Таиланд Елшісін қабылдады12.06.2026, 19:31 129376Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады12.06.2026, 17:05 Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді129001Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді
22.05.2026, 20:31 251706Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды22.05.2026, 17:13 237406Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады22.05.2026, 14:48 207836ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады21.05.2026, 13:04 194916Италия сенаторы Қазақстандағы саяси реформалардың жоғары деңгейін атап өтті21.05.2026, 14:05 194896Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

