18.06.2026, 18:55 226

Ядролық физика институтының реакторыy кемінде 2040 жылға дейін пайдалану жоспарлануда

Ядролық физика институтының реакторыy кемінде 2040 жылға дейін пайдалану жоспарлануда
Ядролық физика институтының (ИЯФ) ВВР-К зерттеу реакторын кемінде 2040 жылға дейін пайдалану жоспарланып отыр. Бұл туралы журналистерге арналған баспасөз турында институттың бас директоры Саябек Сахиев мәлімдеді.

Оның сондай-ақ, алдағы үш-төрт жыл ішінде институт Халықаралық атом энергиясы агенттігі арқылы реактордың пайдалану мерзімін тағы 10-15 жылға ұзарту үшін өтінім берілетіндігін де айтты.

«Алдағы үш-төрт жылда МАГАТЭ-ге реактордың қызмет ету мерзімін тағы 10-15 жылға ұзарту үшін өтінім береміз. Егер 2030 жылы мерзім ұзартылса, онда ол 2040-2045 жылдарға дейін жұмыс істейді. Одан арғысы уақыттың еншісінде», – деді Саябек Сахиев.

Ол 2025 жылдың қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Ядролық физика институты базасында жаңа зерттеу реакторларын салу мәселесін қарастыруды тапсырғанын еске салды.

Институт қазіргі реактордың пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін елде жаңа зерттеу реакторы іске қосылатындығына үмітті. Қолданыстағы қондырғы болашақ атом электр станциясы үшін кадрлар даярлауда, атом саласының мамандарын оқытуға пайдаланылуы да мүмкін. Саябек Сахиев онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуде қолданылатын радиофармацевтикалық препараттарды үздіксіз өндірудің маңызын да атап өтті. Қазіргі уақытта реактор «үш апта жұмыс – бір апта тоқтау» режимінде жұмыс істейді, ал жаз мезгілінде екі айға жоспарлы техникалық қызмет көрсету үшін тоқтатылады.

«Егер екінші зерттеу реакторы салынса, бұл жумыс уақытын бөліп, өндірісті тоқтатпай жұмыс істеуге мүмкіндік береді», – деді ол.

Ядролық физика институты Қазақстандағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы толық ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар циклін жүзеге асыратын жалғыз ғылыми ұйым болып табылады.

Институт жаңа буын ядролық реакторлары мен термоядролық қондырғыларға арналған материалдарды сынаумен айналысады, сондай-ақ өнеркәсіпте, ғылымда және медицинада ядролық технологияларды қолданады. Оның ішінде онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуге қажетті радиофармпрепараттар өндіріледі.

Қазіргі таңда ИЯФ базасында 12 негізгі эксперименттік қондырғы жұмыс істейді. Олардың қатарында ВВР-К зерттеу реакторы, сыни стенд, радиоактивті қалдықтар мен пайдаланылған иондаушы сәулелену көздерін сақтау орындары, сондай-ақ зарядталған бөлшектердің алты үдеткіш кешені бар.

ВВР-К реакторы Қазақстандағы жалғыз көпмақсатты зерттеу реакторы болып саналады. Оның базасында іргелі ядролық-физикалық және материалтану зерттеулерімен қатар медициналық радиоизотоптар, өнеркәсіптік гамма-көздер өндіріледі, нейтрондық-активациялық талдау жүргізіліп, материалдар нейтрондық сәулелендіру арқылы модификацияланады.



 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны