01.06.2021, 20:16 6719

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғаны байқалады - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

COVID-19 сырқаттану деңгейі 20%-ға дейін төмендеді.
НҰР-СҰЛТАН. 1 МАУСЫМ - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты вакциналау барысы мен қазіргі жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын атап өтті. COVID-19 сырқаттану деңгейі 20%-ға, вирустың репродуктивтік индексі 0,86-ға дейін, инфекциялық төсек-орындардың қамтылуы 28%, реанимациялық төсек-орындар 24% дейін төмендеді. 
 
3 өңір "қызыл аймақта" тұр: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстары. "Сары аймақта" 6 өңір: Алматы қаласы, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. Қалған 8 өңір "жасыл аймақта".
 
Бүгінгі таңда 2,1 млн-нан астам адам бірінші компонентті, 1 млн-нан астам адам екінші компонентті алды. 
 
Маусым айында бірінші компоненттің 2 млн дозасы мен екінші компоненттің 2 млн дозасы қолжетімді болады. 
 
Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге маусым айында халықты вакциналау қарқынын едәуір арттыруды тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігіне Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, "Ashyq" мобильді қосымшасының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оның қызмет көрсету секторында қолданылуын одан әрі кеңейту бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны