29.07.2021, 19:42 10462

Қазақстанда "қоңыр-қызыл" аймақ ұғымы пайда болды

НҰР-СҰЛТАН. 29 ШІЛДЕ - Қазақстанның бас санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов кәсіпкерлік нысандарында Ashyq жобасын енгізу туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бас санитариялық дәрігер кәсіпкерлік нысандарында Ashyq жобасын жүзеге асыру мен енгізуді жалғастыру туралы шешім қабылдады:
 
1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
 
2) спа-орталықтары;
 
3) моншалар, сауналар, бассейндер;
 
4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар; 
 
5) боулинг клубтары;
 
6) кинотеатрлар;
 
7) театрлар мен филармониялар;
 
8) асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
 
9) асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
 
10) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
 
11) облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
 
12) бильярд клубтары;
 
13) концерт залдары;
 
14) ерікті қатысушылар;
 
15) караоке;
 
16) көрмелер;
 
17) океанариум;
 
18) марафондар;
 
19) көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
 
20) әуежайлар;
 
21) лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
 
22) балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары; 
 
23) цирктер;
 
24) отельдер, қонақ үйлер;
 
25) халыққа қызмет көрсету орталықтары;
 
26) темір жол вокзалдары және автовокзалдар;
 
27) (жабық және ашық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, (азық түлік емес) сауда үйлері, сауда желілері;
 
28) балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер, (персонал) үшін);
 
29) букмекерлік конторалар;
 
30) сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;
 
31) жоғары оқу орындарын, колледждерді және білім беру орталықтарын қоса алғанда, білім беру объектілері (қызметкерлер (персонал), 18 жастан асқан адамдар үшін);
 
32) спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары.
 
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында 2021 жылғы 2 тамыздан бастап:
 
  • орталық мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің, құқық қорғау органдарының, денсаулық сақтау ұйымдарының, БАҚ-тың, азық-түлік дүкендерінің, дәріханалардің және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарының, сондай-ақ осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, меншік нысандарына қарамастан, "Ashyq"-қа қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады;
  • ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің (вакцинацияланған және соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда) 80%-ы үшін қашықтықтан жұмыс істеу нысаны сақталады.
 
 "Ashyq" жобасынан тыс:
 
  • құрылыс жұмыстарын жүргізуге;
  • өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне;
  • жанаспайтын қызмет көрсетуге (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілт жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызмет көрсету және т.б.), гүл дүкендерінің, фотосалондардың қызметіне;
  • туристік компаниялардың, бизнес орталықтардың, қызметтің жекелеген түрлерінің қызметіне (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар, банктер, "Қазпошта" АҚ бөлімшелері және т.б.);
  • қоғамдық тамақтану объектілерінің тек алып шығуға және жеткізуге арналған қызметіне рұқсат етіледі.
 
Сондай-ақ, Қиясов "қоңыр-қызыл" аймақта демалыс күндері шектеу шараларын енгізуді тапсырды.
 

2021 жылғы 9 тамыздан бастап инфекциялық төсек-орындарының толтырылу көрсеткіші 70%-дан жоғары және төсек-орындардың толтырылу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден жоғары болған кезде ("қоңыр-қызыл" аймақ) "Ashyq" көшбасшылары" мәртебесі бар объектілерге 00.00 сағатқа дейін, жоба бойынша жұмыс істейтін өзге де объектілерге сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеу режиміне рұқсат етілсін", - делінген қаулыда.


Қаулының толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны