03.11.2021, 16:03 12398

ИИДМ Нұр-Сұлтан мен Бішкек арасындағы әуе рейстерінің қайта жанданатыны туралы хабарлады

Рейстер санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес E190-E2/A–320 әуе кемелерімен орындалады.
НҰР-СҰЛТАН. 3 ҚАРАША - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Нұр-Сұлтан - Бішкек бағыты бойынша әуе рейстерінің қайта басталғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2021 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына Нұр-Сұлтан – Бішкек бағытында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесі қаралды. Нәтижесінде "Эйр Астана" әуе компаниясы жақын арада екі ел астанасы арасындағы рейстерді қайта бастайтын болды", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

 
Рейстер санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес E190-E2/A–320 әуе кемелерімен орындалады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны