20.07.2022, 17:19 13196

Нұр-Сұлтан "сары" аймаққа жақындап келеді

Нұр-Сұлтан "сары" аймаққа жақындап келеді
НҰР-СҰЛТАН. 20 ШІЛДЕ - Эпидемиологиялық жағдайдың жаңа матрицасы бойынша, Нұр-Сұлтан "сары" аймаққа жақындап келеді, деп мәлімдеді бүгін брифинг барысында елорданың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Қаладағы эпидемиологиялық жағдай нашарлап, шиеленісе түсуде. Егер 22 маусымнан 5 шілдеге дейін екі аптада 414 жағдай тіркелген болса, соңғы екі аптада 6-19 шілде аралығында КВИ - дің 3 970 жағдайы тіркелген", - деді Сархат Бейсенова.

 
Оның айтуынша, ауру деңгейі 9,5 есеге артқан. Жаңа жағдайларды анықтау тәулігіне 586-ға жетті. 
 
Сархат Бейсенова азаматтарды аса қажетсіз адамдар көп жиналатын орындарға бармауға шақырды.
 

Баршаңызды адамдар көп жиналатын орындарға бармауға шақырамын. Өздеріңіз көріп отырсыздар, вирус жойылмайды, ауру қайтадан өсуде. Кіммен байланысатыныңызды шектеңіз", - деді Сархат Бейсенова онлайн-брифинг барысында.

 
Ол "сары" аймаққа ауысқан кезде инфекция көзін оқшаулауға бағытталған шаралар қабылданатынын хабарлады.
 
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 1 959 жағдайы тіркелген.
 
Кеше COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты шектеу шараларын қайта қарады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны