12.08.2021, 17:07 7080

Қазақстанда 12 тамызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай: коронавирустық инфекцияның 7 747 жаңа жағдайы

НҰР-СҰЛТАН. 12 ТАМЫЗ - 2021 жылғы 11 тамызға 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 664 524 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 7 747 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 1 384; 
 
Алматы қаласында – 1 510; 
 
Шымкент қаласында – 515; 
 
Ақмола облысында – 276; 
 
Ақтөбе облысында – 364; 
 
Алматы облысында – 300; 
 
Атырау облысында – 460; 
 
ШҚО-да – 244; 
 
Жамбыл облысында – 135; 
 
БҚО-да – 169; 
 
Қарағанды облысында – 1127; 
 
Қостанай облысында – 264; 
 
Қызылорда облысында – 204; 
 
Маңғыстау облысында – 218; 
 
Павлодар облысында – 297; 
 
СҚО-да – 159; 
 
Түркістан облысында – 121.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 7 512 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 548 362 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
12 тамызға КВИ-ден 113 155 адам (108 954 КВИ+ және 4 201 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 30 769 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 82 386 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 849 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 479 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 215 пациент бар.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 11 тамызына дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 7 208 өлім жағдайы тіркелген. 10 тамыз күні КВИ-ден 105 адам қайтыс болды. 
 
10 тамыз күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 427 жағдайы тіркелді, 24 адам қайтыс болды және 221 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 64 492, өлім – 3 973, сауыққандар – 56 318. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 10 тамызға I компонентпен 5 879 016 адам вакцинацияланды, II компонентпен 4 505 662 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 6 тамыздағы эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны