20.10.2021, 16:14 11878

ҚР 20 қазанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте 1 683 жаңа коронавирус жағдайы тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. 20 ҚАЗАН - 2021 жылғы 19 қазан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 921 216 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 683 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 180; 
 
Алматы қаласында – 312; 
 
Шымкент қаласында – 40; 
 
Ақмола облысында – 129; 
 
Ақтөбе облысында – 54; 
 
Алматы облысында – 135; 
 
Атырау облысында – 41; 
 
ШҚО-да – 83; 
 
Жамбыл облысында – 30; 
 
БҚО-да – 40; 
 
Қарағанды облысында – 154; 
 
Қостанай облысында – 117; 
 
Қызылорда облысында – 31; 
 
Маңғыстау облысында – 9; 
 
Павлодар облысында – 164; 
 
СҚО-да – 139; 
 
Түркістан облысында - 25.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 228 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 864 258 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
20 қазанға КВИ-ден 51 569 адам (45 143 КВИ+ және 6 426 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 8 848 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 42 721 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 633 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 170 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 100 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 19 қазанға дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 11 815 өлім жағдайы тіркелген. 18 қазан күні КВИ-ден 18 адам қайтыс болды. 
 
18 қазан күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 154 жағдайы тіркелді, 10 адам қайтыс болды және 237 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 78 158, өлім – 4 979, сауыққандар – 66 753. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 19 қазанға I компонентпен 8 078 657 адам вакцинацияланды, II компонентпен 7 202 907 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Шымкент қ., Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары. 
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны