22.09.2021, 16:55 5052

ҚР 22 қыркүйекке арналған эпидемиологиялық жағдай: коронавирус пен пневмониядан 59 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. 22 ҚЫРКҮЙЕК - 2021 жылғы 21 қыркүйекке 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 867 366 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 411 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 187; 
 
Алматы қаласында – 498; 
 
Шымкент қаласында – 99; 
 
Ақмола облысында – 148; 
 
Ақтөбе облысында – 118; 
 
Алматы облысында – 232; 
 
Атырау облысында – 61; 
 
ШҚО-да – 103; 
 
Жамбыл облысында – 53; 
 
БҚО-да – 55; 
 
Қарағанды облысында – 396; 
 
Қостанай облысында – 102; 
 
Қызылорда облысында – 45; 
 
Маңғыстау облысында – 18; 
 
Павлодар облысында – 188; 
 
СҚО-да – 78; 
 
Түркістан облысында – 30.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 3 865 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 797 768 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
22 қыркүйекке КВИ-ден 67 404 адам (58 738 КВИ+ және 8 666 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 12 105 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 55 299 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1000 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 248 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 143 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 21 қыркүйегіне дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 10 860 өлім жағдайы тіркелген. 20 қыркүйек күні КВИ-ден 50 адам қайтыс болды. 
 
20 қыркүйек күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 317 жағдайы тіркелді, 9 адам қайтыс болды және 203 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 74 427, өлім – 4 760, сауыққандар – 61 001. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 21 қыркүйекке I компонентпен 7 372 086 адам вакцинацияланды, II компонентпен 6 247 031 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Шымкент, Атырау, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары. 
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны