02.08.2021, 20:13 5257

Қазақстанда 2 тамызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай: барлық өңірлер "қызыл" аймақта

НҰР-СҰЛТАН. 2 ТАМЫЗ - 2021 жылғы 1 тамызға 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 587 952 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 7 573 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 1489; 
 
Алматы қаласында – 1540; 
 
Шымкент қаласында – 650; 
 
Ақмола облысында – 268; 
 
Ақтөбе облысында – 238; 
 
Алматы облысында – 313; 
 
Атырау облысында – 408; 
 
ШҚО-да – 193; 
 
Жамбыл облысында – 250; 
 
БҚО-да – 85; 
 
Қарағанды облысында – 901; 
 
Қостанай облысында – 256; 
 
Қызылорда облысында – 206; 
 
Маңғыстау облысында – 224; 
 
Павлодар облысында – 280; 
 
СҚО-да – 157; 
 
Түркістан облысында – 115.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 4 681 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 482 958 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
2 тамызға КВИ-ден 101 702 адам (98 951 КВИ+ және 2 751 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 28 541 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 73 161 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 676 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 402 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 196 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 1 тамызына дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 6 043 өлім жағдайы тіркелген. 31 шілде күні КВИ-ден 86 адам қайтыс болды. 
 
31 шілде күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 87 жағдайы тіркелді, 16 адам қайтыс болды және 106 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 61 255, өлім – 3 740, сауыққандар – 54 764. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 1 тамызға I компонентпен 5 429 636 адам вакцинацияланды, II компонентпен 3 837 063 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 2 тамыздағы эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары орналасқан. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны