07.07.2022, 16:33 19311

Қазақстандық кәсіпорындар жұмыскерлерге 2,8 млрд теңгеден астам қарыз

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 414 нұсқама беріліп, 67,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
НҰР-СҰЛТАН. 7 ШІЛДЕ - Осы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 499 кәсіпорнында 12,6 мың жұмыскердің алдында 2 млрд 845 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 414 нұсқама беріліп, 67,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды", - деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң сақталуы тиіс кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 9,9 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2 млрд 319,7 млн теңге төленді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны