21.04.2021, 20:15 4757

Қазақстанның тағы екі өңірі коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа енді

НҰР-СҰЛТАН. 21 СӘУІР - Қазақстанның Қызылорда және Маңғыстау облыстары коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа кірді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Соңғы мәліметтер бойынша, Маңғыстау облысында коронавирустың барлығы 5136 жағдайы тіркелген (өткен тәулікте 65 жаңа КВИ жағдайы), Қызылорда облысында - барлығы 4890 жағдай (өткен тәулікте 47 жаңа КВИ жағдайы).
 
2021 жылғы 21 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Cұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ. және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстары орналасқан.
 
 "Сары" аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар облыстары. 
 
 "Жасыл" аймақта: Қостанай, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны