18.06.2021, 23:58 19025

Алматының Бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

АЛМАТЫ. 18 МАУСЫМ - Алматының Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Құжатқа сәйкес, қоғамдық орындарға (оның ішінде қалалық қоғамдық көлікте сапар шегу кезінде) және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) халыққа бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану қажет.
 
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік, ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттарға және басқаларға) 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін бетперде режимін және кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат етіледі.
 
Төтенше жағдайларды қоспағанда, қатысушыларда COVID-19-ға қарсы құжатпен расталған вакцинация болған жағдайда офлайн режимінде кеңестер (отырыстар) өткізуге рұқсат етіледі. 
 
 "Бөбек" Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы" РМҚК жұмысына рұқсат етілді.
 
Арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне рұқсат етілді. 
 
Бұл ретте білім беру мекемелеріндегі қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне тыйым салынады;
 
Санитарлық дәрігер мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелері, мониторингтік топ мүшелері, прокуратура, полиция, Алматы қаласы ТЖД аудандық бөлімшелерімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, ұлттық қауіпсіздік, соттар, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, әлеуметтік қорғау), сондай-ақ мүгедектерге күтім жасайтын волонтерлер мен әлеуметтік қызметкерлерге (әкімдіктер ұсынған тізімдерге сәйкес), мәйітхана және сот-медициналық сараптама қызметкерлеріне алдын алу мақсатында ай сайын бір реттік зертханалық тексеру жүргізуді тапсырды, COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттық растамасы бар және КВИ-мен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда.
 
17 маусымдағы 23.59 жағдай бойынша Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесімен коронавирустың 406 383 жағдайы тіркелген. Өткен тәулікте коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 1 174 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде Алматыда - 105.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны