14.12.2021, 20:01 61281

Екі апта ішінде Қазақстанда коронавирус ауруы үштен бірге төмендеді

Қазақстанда соңғы екі аптада сырқаттанушылық 31%-ға төмендеді.
Екі апта ішінде Қазақстанда коронавирус ауруы үштен бірге төмендеді
Сурет: grinlab.kz
НҰР-СҰЛТАН. 14 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстанда соңғы екі аптада сырқаттанушылық 31%-ға төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Республикада оң ПТР тестімен коронавирус инфекциясының 980 372 жағдайы және теріс ПТР тестімен 83 437 жағдай тіркелді, науқастардың 96%-дан астамы сауығып шықты", - деді Денсаулық сақтау министрі.

 
Репродуктивті сан – 0,89 және тамыз айымен салыстырғанда 1,2 есе төмендегені байқалады.
 

Жалпы Қазақстанда соңғы айда ауырған адам саны 3,1 есеге азайды, стационарлық және амбулаториялық ем алып жатқандардың саны 1,7 есеге азайды. Инфекциялық төсектердің қамтылуы 23%-ды, реанимациялық төсектер 20%-ды құрайды", - деді министр. 

 
Оның мәліметінше, ревакцинациямен 136 мың ҚР азаматы қамтылды.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны