14.12.2021, 18:55 54714

ҚР 14 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирустық инфекцияның 397 жаңа жағдайы тіркелді

ҚР 14 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирустық инфекцияның 397 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: Хабар 24
НҰР-СҰЛТАН. 14 ЖЕЛТОҚСАН - 2021 жылғы 13 желтоқсан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 980 372 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 397 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 53, 
 
Алматы қаласында - 19, 
 
Шымкент қаласында - 5, 
 
Ақмола облысында - 65, 
 
Ақтөбе облысында - 6, 
 
Алматы облысында - 12, 
 
Атырау облысында - 5, 
 
ШҚО-да - 12, 
 
Жамбыл облысында - 1, 
 
БҚО-да - 5, 
 
Қарағанды облысында - 81, 
 
Қостанай облысында - 14, 
 
Қызылорда облысында - 1, 
 
Маңғыстау облысында - 2, 
 
Павлодар облысында - 57, 
 
СҚО-да - 57, 
 
Түркістан облысында - 2.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 640 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 949 397 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
14 желтоқсанға КВИ-ден 20 858 адам (18 099 КВИ+ және 2 759 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 3 974 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 16 884 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 321 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 82 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 62 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 13 желтоқсанына дейін ПТР оң тестімен коронавирустан 12 876 өлім тіркелді. 12 желтоқсанда КВИ-ден 12 адам қайтыс болды. 
 
2021 жылдың 12 желтоқсанында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 2 жағдайы тіркелді, 3 адам қайтыс болды, 14 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 83 437, өлім – 5 188, сауыққандар – 75 490. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 13 желтоқсанда I компонентпен 8 865 173 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 307 373 адам вакцинацияланды. 
 
Pfizer вакцинасының I дозамен егілді: жасөспірімдер - 150 669, жүкті әйелдер - 11 161, бала емізетін әйелдер - 27 076. II дозамен: жасөспірімдер - 14 342, жүкті әйелдер - 1 461, бала емізетін әйелдер - 3 583. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны