15.12.2021, 19:40 375071

Бекшин коронавирусқа қарсы вакциналардың тиімділігі туралы айтты

Вакцинацияның толық курсын алғаннан кейін Алматыда коронавирус инфекциямен сырқаттанушылық бойынша жағдай мынадай: "Спутник V" - 0,37 пайыз, "Синовак" - 0,19 пайыз, QazCovid-in (Qazvaс) - 0,17 пайыз.
Бекшин коронавирусқа қарсы вакциналардың тиімділігі туралы айтты
Сурет: Алматы қаласының ІСБ
АЛМАТЫ. 15 ЖЕЛТОҚСАН - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин Қазақстанда қолданылатын вакциналардың қайсысы коронавируспен күресуде тиімді екенін, жанама әсері аз және ревакцинацияға жарамды екенін айтты.
 
Бас санитария дәрігердің жазбасы Facebook-те жарияланды.
 
Жандарбек Бекшиннің айтуынша, биыл сәуірден бастап Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті вакцинацияның толық курсын алғандардан, яғни екпе алғаннан кейінгі 42-45 күннен соң COVID-19-ға мониторинг жүргізді.
 

Коронавирус инфекциясына қарсы екпе алған 980 мыңнан аса азаматтың 3 239-ы қайта ауырған, бұл - 0,33 пайыз. Вакцинацияның толық курсын алғаннан кейін Алматыда коронавирус инфекциямен сырқаттанушылық бойынша жағдай мынадай: "Спутник V" - 0,37 пайыз, "Синовак" - 0,19 пайыз, QazCovid-in (Qazvaс) - 0,17 пайыз", - деді ол.

 
Бас мемлекеттік санитария дәрігер науқастардың басым көпшілігінде ауру жеңіл болғанын баса айтты.
 

Статистика бойынша, QazCovid-in екпесінен кейін ауырғандар аз тіркелген. Қалалық аурухананың емдеу жұмысы жөніндегі орынбасарының мәліметінше, отандық препаратпен вакцинациядан кейін науқастарда басқа екпемен салыстырғанда жанама әсерлер аз байқалады", - деді Жандарбек Бекшин.

 
Сондай-ақ, ол QazCovid-in екпесін салдырғандар арасында ауруханаға жату пайызы басқа препараттармен салыстырғанда айтарлықтай аз байқалатынын айтты.
 

Бұл біздің елдегі пандемиямен күресте жақсы көрсеткіш. Отандық вакцинаны алғаннан кейін инфекциялық стационардың қызметкерлері ревакцинация үшін QazCovid-in-ді лайықты қорғаныс ретінде таңдағанын атап өткім келеді", - дейді бас санитария дәрігер.

 
Қорытындылай келе, Жандарбек Бекшин санитарлық талаптарды сақтау керек екенін еске салып, вакцинацияны кейінге қалдырмауға шақырды, өйткені тек ұжымдық иммунитет індетті тоқтататынын айтты.

 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны