28.04.2022, 17:12 23231

Қазақстанның бас санитариялық дәрігері коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтты

Қол жеткізілген 50% ұжымдық иммунитетті әрі қарай ұстап тұру маңызды.
Қазақстанның бас санитариялық дәрігері коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтты
НҰР-СҰЛТАН. 28 СӘУІР - Маска кию режиміне оралуымыз мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.
 

Қазір ұжымдық иммунитет деңгейі қазақстандықтарға маска кимеуге мүмкіндік ұсынып отыр. Алайда ол төмендеп кеткен жағдайда коронавирусқа қарсы алдын алу шараларын қатаңдатылуы мүмкін. Коронавирус пандемиясы елімізде әлі жалғасуда. Жағдайдың әрі қарай дамуының екі сценарийі бар. Бәрі ұжымдық иммунитетке байланысты", - деп атап өтті бас мемлекеттік санитариялық дәрігер. 

 
Сондай-ақ, ол қол жеткізілген 50% ұжымдық иммунитетті әрі қарай ұстап тұру маңызды деп отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
 

Ол үшін адамдар вакцинациядан көбірек өтсе, аурушаңдық деңгейі де соғұрлым төмен болады. Дәл қазіргі сәтте вакцинация мен ревакцинацияның мәні зор. Коронавирус әрі қарай өрши ме, жоқ па, ешкім оны нақты білмейді. Маска кию режиміне қайта оралуымыз да мүмкін", - деді вице-министр.

 
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қытайда коронавирустың жаңа түрі тарап жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
 

Бүгінде Қытайда омикрон – "стелс-омикронды" жұқтыру жағдайлары көбейіп жатыр. Күніне ауруға шалдыққан 30 мың адам тіркеледі. Ол жақта қатаң шектеу шаралары қолға алынды. Біз де осы мәселеге қатысты жағдайды бақылап отырмыз. Ай сайын оң нәтиже көрсеткен ПТР-тестерді қараймыз, Қытайда тіркелген омикрон және оның басқа да түрлері бар ма, жоқ па, оны да тексереміз", - деді Ғиният сенаттағы отырыстан кейінгі брифингте.

 
Министрдің айтуынша, бүгінде коронавирус инфекциясын анықтау жүйесі бар. Бірақ жаңа мутацияның әсері қандай болатынын дөп басып айту қиын.
 

Коронавирустың жаңа түрі келсе, науқастардың саны күрт өсуі мүмкін, я болмаса, қазіргі ұжымдық иммунитет қарсы тұра алады. Онда ол ауру кәдімгідей тұмау сияқты өтеді", - деп атап өтті Ғиният.

 
Қазіргі кезде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мониторинг және зерттеу шараларын жүргізіп келеді.
 

ДДҰ басшысы жағдайдың бірқалыпты емес екенін айтып отыр. Олар бақылау жүргізіп келеді. Пандемия әлі аяқталған жоқ", - деді Денсаулық министрі.

 
Қарағанды фармацевтикалық комбинатында ресейлік "Спутник V" вакцинасын шығару жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
 
Бас санитардың айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанда 4 миллион дозадан астам вакцина бар. Атап айтқанда, қытайлық Sinopharm вакинасының 1,8 миллион дозасы, Pfizer - 1,5 миллион, сондай-ақ QazVac-тың 800 мың екпесі сақтаулы тұр.
 

Бұның бәрі вакциналау мен ревакцинацияға толығымен жетеді. Сол себепті қосымша вакцина сатып алудың қажеті жоқ. Біз екпелерді салу шараларын үнемі бақылап отырамыз. "Спутник V"-ді сатып алу жоспарда жоқ. Қазіргі кезде Қарағанды фармацевтикалық комбинаты бұрынғыдай дәрі-дәрмектерді шығарып жатыр. Вакцинаға дейін осы жұмыспен айналысқан. Қазіргі кезде ол жерде вакцина шығарылмайды", - деді Есмағамбетова журналистерге берген сұхбатында.

 
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі вакциналар қазан айына дейін жетеді. Бұдан кейін шетелдік вакциналар тегін екпе үшін сатып алынбайды. Оны тек кәмелет жасқа толмаған балалар үшін жеткізіп отырады. Ал ересек адамдар отандық QazVac-ты тегін ектіре алады. Шетелдік вакцинаны ақыға салдыруға мүмкіндік болады.
 
Айта кетері, 2020 жылы желтоқсан айында Қарағанды фармацевтикалық комбинаты ресейлік "Спутник V" вакцинасын шығаруды бастаған. Ал биыл қаңтар айында ревакцинация үшін "Спутник Лайттың" 150 мың дозасы жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте ҚР-да коронавирустың 15 жаңа жағдайы тіркелді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны