22.08.2022, 16:36 20996

Прокуратура Алматыда ірі тұрғын үй кешенінің құрылысындағы бұзушылықтарды анықтады

Қазіргі уақытта аталған учаскедегі алдын ала құрылыс жұмыстары бұзушылықтар толық жойылғанға дейін тоқтатылды.
АЛМАТЫ. 22 ТАМЫЗ - Алматы қаласының прокуратурасы Бостандық ауданы, Сәтпаев көшесі 26/4 мекен жайында орналасқан ірі тұрғын үй кешенінің құрылысы кезінде сәулет нормаларының бұзылуын анықтады (құрылыс салушы "Bi-RealtyAlmaty" ЖШС), деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қалалық прокуратурада анықталғандай, қадағалау органы эскиздік жобада халық пен құрылыс салу тығыздығының рұқсат етілген параметрлері бойынша нормалардан асқанын, әлеуметтік объектілер мен білім беру объектілеріне жүктеменің туындауы мүмкін екендігіне тиісті баға берілмегенін, бұл балабақшалар мен жалпы білім беретін мектептердің тапшылығына алып келетінін анықтады.
 

18.08.2022 жылы Бостандық ауданы прокуратурасының эскиздік жобаны келісу бойынша уәкілетті органның іс-әрекетін заңсыз деп тану туралы талап арызы сот шешімімен толық көлемде қанағаттандырылды (шешім заңды күшіне енген жоқ)", - делінген ведомство хабарламасында.

 
Қазіргі уақытта аталған учаскедегі алдын ала құрылыс жұмыстары бұзушылықтар толық жойылғанға дейін тоқтатылды.
 
Алматының қай аудандарында көпқабатты үйлер мен тау беткейлерде құрылыс салуға тыйым салынды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны