08.12.2022, 08:42 31811

Екібастұзда барлық әлеуметтік нысандар жылуға қосылды

Мектептер мен өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталықтарында жылу температурасы көтеріле бастады
Екібастұз. 8 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Екібастұз қаласындағы апаттан зардап шеккен барлық үйдің кіреберісіне жылу берілді.

Жедел штабтың мәліметінше, сағат 19:00-дегі жағдай бойынша қаладағы Мәшһүр Жүсіп көшесі, 52 және Сәтбаев көшесі, 8 мекенжайындағы 11 кіреберісте сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу тәулік бойы жалғасып жатыр.

Қазір апат салдарынан зардап шеккен барлық үйдің кіреберістеріне жылу берілді", -деп хабарлады жедел штабтан.


Әкімдіктің call-орталығына және "Екібастұзтеплоэнерго" абоненттік қызметіне тұрғындардың жылу жүйесінің, оның ішінде жеке сектордың жұмысындағы ақауларға байланысты көптеген өтініш келіп түсуде. Барлық өтінімдер қабылданады. Соған сәйкес ақауларды жою бағытында жұмыстар қолға алынады. Барлық әлеуметтік нысандар жылу беру жүйесіне толығымен қосылды. Мектептер мен өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталықтарында жылу температурасы көтеріле бастады", - деп толықтырды жедел штабтан.


Естеріңізге сала кетейік, Екібастұздың барлық проблемалы үйлеріне жылу берілді. Энергия көзі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Қалада барлығы 689 көпқабатты үй бар. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 851 адам тартылды.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны