21.12.2022, 12:32 21556

Өмірәлиев Козачков ісі бойынша: арнайы прокурорлар тобының нақты тапсырмасы бар

Өмірәлиев Козачков ісі бойынша: арнайы прокурорлар тобының нақты тапсырмасы бар
Сурет: Время газеті
Іс жүргізу прокурорына қоғамдық ұйымдар мен адвокаттардың барлық өтініштерін толық көлемде зерделеу тапсырылды

Астана. 21 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев танымал журналист Михаил Козачков ісін тергеу жөнінде пікір білдірді.

Жандос Өмірәлиев Бас прокурордың тапсырмасы бойынша жекелеген қоғамдық ұйымдар мен адвокаттар жіберген бүкіл өтініштер мен дәлелдер қаралатынын айтты.

Қаржы мониторингі агенттігі де жеткілікті ақпарат берді және біз де баспасөз релизін тараттық. Бұған қоса, Президент тапсырмасымен Бас прокурор іс жүргізу прокурорының тобына жекелеген қоғамдық ұйымдар мен адвокаттар жіберген барлық өтініштер мен айғақтарды толық көлемде қарауды тапсырды. Бұл топ қазір осы мәселелермен айналысып жатыр", - деді Бас прокурор орынбасары Мәжілістің кулуарында.



Естеріңізге сала кетейік, М.В. Козачков 2022 жылғы 18 желтоқсанда Алматы қаласы және Алматы облысында жекелеген кәсіпкерлердің мүлкін рейдерлік жолмен басып алу фактілері бойынша ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық істі тергеу аясында Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлерімен ұсталған.

Журналистер Козачковтың ұсталуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентіне жүгінген болатын.

 "Время" газетінің редакциясы журналистің ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны