06.03.2023, 16:32 36551
Алматыда ақылы автотұрақ ісі: сотталушыларға үкім шығарылды
Достарға айту
Сот Пірінбековті 5 жылға, Базарбаевты 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады
Алматы. 6 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Бүгін Алматының Алмалы аудандық соты "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС бұрынғы директоры Марат Пірінбеков пен Alan Parking ЖШС бұрынғы бас директоры Мұхтар Базарбаевқа үкім шығарды.
Сотта анықталғандай, сотталушы П. "А" ЖШС директоры бола тұра, жауапкер Б-мен алдын ала сөз байласып, бір топ адаммен бірге 225 630 072 теңге ("П" ЖШС шотына автотұрақ ақысынан түскен) қаржыны жымқырған.
Бұдан бөлек сотталушы Б. "А" ЖШС бас директоры бола тұра, іздеуде жүрген адаммен алдын ала келісіп, бір топ адаммен автотұрақтан жиналған 190 078 778 теңге сомасында аса ірі көлемдегі ақшаны ұрлаған.
Сотталушылардың қылмыстық әрекетінен мемлекетке жалпы сомасы 436 040 706 теңге болатын, қос компанияның пайдасының 30% мөлшерінде дивиденд түспеген.
Сотталушы Б. басқа адамдармен топтасып, ұрлық жасағаннан кейін 391 651 076 теңге ұрланған қаражаттың бір бөлігін жалған мәміле жасап, заңдастыру арқылы заңды айналымға түсірген", - деп хабарлады Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі.
Қылмыстық істі қарау барысында мемлекетке келген зиян толық көлемде өтелді.
Сотталушылардың кінәсі экономикалық сараптамамен, аудиторлық қорытындымен, куәлардың айғақтарымен және істің басқа материалдарымен дәлелденді.
Айта кетсек, сотта айыпталушылар ақылы автоматтандырылған автотұрақ енгізу жобасының мемлекетке тиімді екенін көрсетіп, кінәсін мойындамады.
Олардың айтуынша, мемлекет өз тарапынан бұл жобаға ақша салмай, салық айыппұлдары мен дивиденд түріндегі жеңілдіктерге ие болған.
Прокурор соттан айыпталушыларды 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Үкім тағайындау кезінде сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды, бұрын соттылығының болмауын және мемлекетке келтірілген зиянды толық көлемде өтейтінін ескерді, сотқа дейінгі тергеу органдары ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ", - делінген хабарламада.
Қылмысқа қатысушылардың әрқайсысының қылмыстық рөлін, жеңілдететін мән-жайды ескере отырып, сот Пірінбековті 5 жылға, Базарбаевты 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеуге үкім етті.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, 14 сәуір күні "Alan Parking" ЖШС директоры Мұхтар Базарбаев екі айға қамауға алынған болатын.
Кейін ақылы автотұрақтар қаланың меншігіне қайтарылды.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
30.03.2026, 15:21 134741
Ұлытау облысының прокуратурасы мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысу фактілерін анықтады
Достарға айту
Ұлытау облысының прокуратурасы мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заң (12-б. 1-т. 6) тт.) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады және қоғамның мемлекеттік қызметке деген сеніміне нұқсан келтіретіндіктен мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салады.
Талдау барысында 36 мемлекеттік қызметші, оның ішінде 10 басшы, "Olimpbet" және "1XBET" букмекерлік компанияларында бәс тіккені белгілі болды.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесімен мемлекеттік қызметшілер қызметінен босатылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында тұрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2026, 14:14 134996
Жалған ақпарат пен діни арандатуға қатысты қатаң шаралар қабылданады - прокуратура
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы азаматтардың пікір білдіру кезінде, оның ішінде онлайн-платформаларда және өзге де жария ақпараттық алаңдарда заңнаманы қатаңсақтау қажеттігіне назар аударады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, жекелеген тұлғалардың ұлттық дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға және тек елімізде ғана емес, оның шегінен тыс жерлерде де көп ғасырлық тарихы бар Наурыз мейрамын атап өтуге қатысты теріс пікірлерді жария түрде таратқан жағдайлары тіркелді.
Олар мұндай пікірлерін дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың өздерінің жалған діни догмалармен үйлеспейтіні туралы бұрмаланған тұжырымдарымен сүйемелдеген.
Мұндай мәлімдемелер Қазақстан Республикасының өзін зайырлы мемлекет ретінде айқындайтын Конституциясының қағидаларына қайшы келіп қана қоймай, сондай-ақ елдегі қоғамдық келісімге, оның ішінде ұлтаралық және дінаралық татулыққа зиян келтіруі мүмкін, сондай-ақ ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың беделін түсіреді.
Сондай-ақ журналистердің, блогерлердің және ақпараттық алаң иелерінің жауапкершілігіне ерекше назар аударылады. Осындай жалған діни көзқарастарды насихаттайтын тұлғаларға көпшілік алдында сөз беру арқылы олар шын мәнінде жалған әрі арандатушылық сипаттағы мәлімдемелердің таралуына ықпал етеді, қоғам санасына теріс әсерін күшейтеді, гендерлік теңсіздікті насихаттап, әйелдердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайды.
Масс-медиа өкілдерін кәсіби этика қағидаларын, объективтілікті сақтауға және қоғамдық келісімді бұзуы мүмкін идеяларды насихаттауға өз платформаларын пайдалануға жол бермеуге шақырамыз.
Осыған орай қоғамдық тәртіпке және азаматтардың құқықтарына әсер етуі мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғатынын түсіндіреміз.
Сонымен қатар, ұлттық, діни немесе өзге де әлеуметтік алауыздықты қоздыруға бағытталған жария мәлімдемелер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының қолданысына жатады және ауыр қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Сондай-ақ мұндай әрекеттер діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу ретінде саралануы мүмкін, бұл үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы азаматтарды жалған ақпарат таратудан тартынуға, Қазақстан халқының мәдени және ұлттық құндылықтарына құрметпен қарауға, қоғамда алауыздық пен жанжал туғызуы мүмкін мәлімдемелерге жол бермеуге шақырады.
Осындай фактілер анықталған жағдайда құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық бұзушыларға қатысты қатаң шаралар қабылдайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2026, 13:15 135561
Алматы облысында жанжал барысында оқ атылды
Достарға айту
Алматы облысында бір топ адам арасында жанжал болып, арты төбелеске ұласқан, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда бір топ адамның арасында жанжал шыққанын және олардың арасында полиция қызметкерінің аспанға екі рет оқ атқанын көруге болады.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, бейнежазбадағы оқиға 2026 жылдың 28 наурызында Еңбекшіқазақ ауданында болған.
- Аталған дерек бойынша бұзақылық және полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету фактілері бойынша екі қылмыстық іс тіркелді. Жеті адам күдікті ретінде танылды. Оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады департаменттен.
Сонымен қатар өңір полициясы ауаға атылған оқ ескерту сипатында болғанын және қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері тарапынан жүзеге асырылғанын атап өтті.
Тергеп-тексеру барысы ерекше бақылауға алынған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.03.2026, 15:40 211841
Алматыда Наурыз мерекесіне байланысты кейбір көшелерде қозғалыс шектеледі
Сурет: Kazakhstan Today
Достарға айту
Алматы қаласында Наурыз мерекесіне арналған дайындық және мерекелік іс-шараларды өткізуге байланысты бірқатар көшеде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
2026 жылы 16 наурыз сағат 03:00-ден 23 наурыз сағат 00:00-ге дейін Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі бөлігі автокөлік қозғалысы үшін уақытша жабылады.
Жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, енгізілген уақытша шектеулерді ескеруді сұраймыз.
Түзетілген қозғалыс сызбалары
№16
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Гоголь көшесі - әрі қарай соңғы аялдамаға дейін;
- Батыс бағытта: Гоголь көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№37
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№48
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№126
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Гоголь көшесі - Қалдаяқов көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Қалдаяқов көшесі - Гоголь көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№201
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№205
- Шығыс бағытта: Желтоқсан көшесі - Гоголь көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Гоголь көшесі - Наурызбай батыр көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№206
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№209
-Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№210
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
№224
- Шығыс бағытта: Төле би көшесі - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша;
- Батыс бағытта: Төле би көшесі - Назарбаев даңғылы - Бөгенбай батыр көшесі - Абылай хан даңғылы - Төле би көшесі - әрі қарай маршрут сызбасы бойынша.
Қорытынды:
Барлығы 10 маршруттың қозғалыс сызбасы өзгертілді.
Мерзімі:
2026 жылғы 16 наурыз сағат 03:00-ден бастап мерекелік іс-шаралар аяқталғанға дейін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.03.2026, 14:58 226576
Өскемен жастары қаланы заңсыз жарнамадан тазарту акциясына шықты
Сурет: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
Достарға айту
Өскемен қаласында республикалық "Таза Қазақстан" бастамасы аясында ұйымдастырылған "Қала көркін сақтайық" атты қалалық жастар акциясы өтті. Волонтерлер мен белсенді жастар қала көшелеріне шығып, қоғамдық орындарды заңсыз ілінген жарнамалық хабарландырулар мен парақшалардан тазартты, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.
Акцияға "Қалалық волонтерлер фронт-офисінің" еріктілері қатысты. Жастар аялдама кешендерін, ғимараттардың қабырғаларын, бағаналарды және рұқсатсыз хабарландырулар жиі ілінетін басқа да қоғамдық нысандарды тазалау жұмыстарын жүргізді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай парақшалар тек абаттандыру талаптарын бұзып қана қоймай, қалалық инфрақұрылымның сыртқы келбетіне де айтарлықтай кері әсер етеді. Уақыт өте келе ретсіз ілінген жарнамалар визуалды "шу" қалыптастырып, қаланың көркін бұзып, күтімсіз орта әсерін тудырады.
Акцияның негізгі мақсаты - тұрғындарды ортақ идея төңірегіне біріктіру: Өскеменді таза, жайлы әрі өмір сүруге тартымды қалаға айналдыру.
Жастар өкілдерінің айтуынша, осындай іс-шараларға қатысу жас буынның қоршаған ортаға және қалалық кеңістікке деген жауапкершілік сезімін қалыптастырады.
Біз қалаға деген қамқорлық әр адамнан басталатынын көрсеткіміз келеді. Таза көшелер, жинақы аялдамалар мен ұқыпты қоғамдық орындар - тұрғындардың мәдениетінің айғағы. Бүгінгі акция тек қаланы заңсыз жарнамадан тазартуға ғана емес, сонымен қатар жастар арасында экологиялық сана мен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған", - деді акцияға қатысушылардың бірі.
Урбанистика және абаттандыру саласындағы сарапшылардың пікірінше, заңсыз жарнама мәселесі көптеген қалалар үшін әлі де өзекті. Тауарлар мен қызметтерді жарнамалайтын хабарландырулар көбінесе аялдамаларға, ғимараттардың қасбеттеріне және жарық бағаналарына рұқсатсыз ілінеді. Нәтижесінде қалалық орта біртіндеп өзінің эстетикалық келбетін жоғалтып, қоғамдық кеңістіктер ретсіз ақпараттық алаңға айналады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасады. Ал жастардың белсенді қатысуы заманауи әрі жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға маңызды үлес қоспақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.03.2026, 15:57 233211
Қазақстан халқы референдум барысында ерекше ықыласпен дауыс беріп жатыр - Түркі мемлекеттерінің ұйымының өкілі
Достарға айту
Еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдумға Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері байқаушы ретінде қатысты. Ұйымның бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман "Референдум - 2026" онлайн марафоны аясында ОКҚ алаңында өткен брифингте сөз сөйлеп, дауыс беру процесінің қалай өтіп жатқаны жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінен.
Біз Астана қаласында Референдум барысын бақыладық. Жалпы, референдум барысын қадағалау кезінде шараның халықаралық стандарттарға сай және өте жоғары деңгейде өтіп жатқанына куә болдық", - деді спикер.
Ол референдумды бақылау барысында халықтың дауыс беруге ерекше ықыласпен қатысып жатқан байқағанын айтты.
Бұл - Қазақстан үшін өте маңызды құжат. Елдің мемлекеттік басқару жүйесінде үлкен өзгерістер орын алуда. Парламенттің атауы өзгеріп, дәстүрлі түрде "Құрылтай" деп аталуда. "Вице-президент" деген лауазым енгізіледі. Дауыс беру Қазақстанның заңнамасына, халықаралық стандарттарға толықтай сай өтіп жатқанын байқадық", - деді О. Кодджаман.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.02.2026, 11:55 309891
Түркістан әуежайы қызметінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталды
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті авиаотынды бөлшек саудада өткізу тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметінен.
Талдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 4) тармақшасын бұзу белгілері анықталды.
Осыған байланысты "Түркістан халықаралық әуежайы" АҚ-ға келісімдердің мәніне қатысы жоқ қосымша міндеттемелерді таңу белгілері бойынша тергеп-тексеру тағайындалды.
Тергеп-тексеру барысында "Түркістан халықаралық әуежайы" АҚ тиісті нарықта үстем жағдайға ие бола отырып, авиаотынды бөлшек саудада өткізетін кәсіпкерлік субъектісінен әуежай аумағында өткізу құқығы үшін алым өндіргені анықталды. Аталған әрекеттерден Департамент Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабы 4) тармақшасында көзделген бұзушылықтарды анықтады.
Түркістан қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен "Түркістан халықаралық әуежайы" АҚ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 14,3 миллион теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2026, 12:31 410916
Вокзалдарда мүгедектігі бар жолаушыларға арналған жаңа сүйемелдеу қызметі іске қосылды
Сурет: railways.kz
Достарға айту
Ұлттық тасымалдаушы "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның "Магистральдық желі дирекциясы" филиалымен бірлесіп, мүгедектігі бар жолаушыларға арналған жаңа сүйемелдеу қызметін іске қосты. Аталған сервис вокзал қызметкерлерінің көмегін алдын ала рәсімдеуге мүмкіндік беріп, жолаушыны автокөліктен вагонға дейін және кері бағытта, сондай-ақ, вокзал аумағында толық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, деп хабарлайды railways.kz.
Теміржол көлігімен сапарлау кезінде көмек алу өтінімін bilet.railways.kz сайтында рәсімдеуге болады.
Қазіргі таңда қызмет арнайы арбалармен жабдықталған 57 вокзалда қолжетімді. Егер таңдалған вокзалда қызмет уақытша көрсетілмесе, билет рәсімдеу кезінде тиісті опциялар көрінбейді.
Қызметті рәсімдеу үшін:
1. bilet.railways.kz сайтынан билет сатып алу;
2. Сатып алу барысында "Мүгедек" опциясын таңдап, ЖСН мен мүгедектік туралы анықтаманың нөмірін көрсету;
3. Қажетті көмек түрлерін белгілеу.
Қолжетімді көмек түрлері:
- пойыз жөнелтілер алдында вокзал қызметкерінің сүйемелдеуі;
- пойыз жөнелтілер алдында арнайы арба ұсыну;
- пойыздан түсу кезінде вокзал қызметкерінің сүйемелдеуі;
- пойыздан түсу кезінде арнайы арба ұсыну.
Өтінімді алдын ала рәсімдеу вокзал қызметкерлеріне дер кезінде дайындалып, жолаушыға сапардың барлық кезеңінде уақтылы әрі толыққанды көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін жол жүруге жеңілдікті шарттар қарастырылған:
- әлеуметтік маңызы бар бағыттарда - 50% жеңілдік;
- коммерциялық "Тальго" пойыздарында арнайы купелерге, оның ішінде ілесіп жүретін адамға арналған орынға - 50% жеңілдік.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.04.2026, 17:46Астанадағы қазақ-поляк бизнес-форумы: іскерлік серіктестіктің нығаюы 10.04.2026, 18:49 302771Қазақстанның ұлттық әуе компаниясы Алматы - Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе қатынасын ашты10.04.2026, 19:52 302506Жапонияның Экономикалық қауіпсіздік министрі Қазақстанмен ынтымақтастықтың басым бағыттарын атады10.04.2026, 20:55 302196Қазақстан мен Финляндия сайлау және демократиялық институттар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда10.04.2026, 21:57 301951Қазақстан өңірлері Мордовиямен ынтымақтастықты нығайтуда
20.03.2026, 09:23 321461Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт мерекесімен құттықтады09.04.2026, 22:29 303721Investment Protection Forum: тұрақтылық пен инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз ету10.04.2026, 17:46 303016Астанадағы қазақ-поляк бизнес-форумы: іскерлік серіктестіктің нығаюы10.04.2026, 18:49 302771Қазақстанның ұлттық әуе компаниясы Алматы - Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе қатынасын ашты10.04.2026, 19:52 302506Жапонияның Экономикалық қауіпсіздік министрі Қазақстанмен ынтымақтастықтың басым бағыттарын атады

